Испаниядағы қарттар үйі отқа оранды

Испаниядағы қарттар үйі отқа оранды
Сурет: Redcafe.net

Бес адам қаза тапты

Испанияның Монкада қаласындағы қарттар үйінде болған өрттен кемінде бес адам көз жұмған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқиға сәрсенбіге қараған түні болды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар жөніндегі орталық өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Қызыл жалыннан тағы 11 адам жарақат алып, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Өрт себебі анықталуда.