«Қайрат» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті
Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» сербиялық «Црвена Звездамен» ойнады.
21 шілдеде алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші туры аясында өз алаңында сербиялық «Црвена Звездамен» ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қазақстандық футболшылар сербиялық әріптестерін 2:1 есебімен жеңді.
«ЖЕҢІС! «Црвена Звездаға» қарсы алғашқы ойын біздің пайдамызға аяқталды!», деп хабарлады әлеуметтік желілерде жеңіске жеткен қазақстандық команда.
Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті.
Ал «Црвена Звезда» екінші іріктеу сатысына жолдама алған.
Сербиялық клуб 1945 жылдың 4 наурызында құрылған. Сербияның 8 мәрте чемпионы атанған. Сондай-ақ, 7 мәрте күміс, 1 мәрте қола жүлдегер атанды. Кейінгі төрт жылда қатарынан чемпион атағына қол жеткізіп келеді.