Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Германиямен ойнайды

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Германиямен ойнайды
Сурет: Tengrinews.kz

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы бүгін, 22 мамырда кезекті ойынын Германияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу елорда уақытымен 19:20-де басталып, «Qazsport» телеранасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Дания, Франция, Швейцария, Канада және Словакия құрамаларынан жеңілді. Әзірге Қазақстанның қоржынында ұпай жоқ. Турнир кестесінде көш соңында тұр. Небәрі 12 ұпай еншілеген Словакия турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Екі құрама бұған дейін 6 мәрте кездесті. Оның 3-уі Қазақстанның жеңісімен аяқталса, қалғанында германиялық құрама басым түсті. Былтыр әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер аталған қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.