ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

2006бірақ, қайсыбір үйлердің құбырлары әлі салқын. Неге?

«Алматы ақшамы» газеті жылда қала тұрғындарына Алматыда жылу беру маусымы қашан басталатынын үнемі хабарлап келеді. Мысалы, шаһарда белгіленген тәртіп бойынша Алматыда жылу тек сыртқы ауаның орташа тәуліктік жылылығы үш күн қатарынан +8 градустан төмен болғанда ғана беріле бастайды. Осы ретте биыл қаланы жылыту мезгілі белгіленген 15 қазаннан бұрын және сыртқы ауаның температурасына қарамастан басталатыны туралы хабарланып қойылды. Атап айтқанда, жақында қала әкімі Ахметжан Есімов қаланы кезекті жылыту маусымына дайындау жөніндегі штаб мүшелерінің есебін тыңдай келе, «Жылу биыл қалада өз уақытында, сыртқы ауаның температурасына қарамастан 15 қазаннан бастап беріледі. Дегенмен, 8 қазаннан бастап бірінші кезекте шаһардағы әлеуметтік нысандар, мектептер мен балабақшалар, ауруханалар жылумен қамтамасыз етілуі қажет» деп атап өткен болатын.

 Құттыбек АЙМАХАН

Жалпы, биыл да мегаполисте алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстары өте қарқынды жүрді. Соның нәтижесінде қаладағы барлық 1135 шақырымдай жылу магистралінің әбден тозығы жеткен 700-дей шақырымының 21 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, қалаға қарасты қуат көздерінің 40 пайыздайы жаңартылды. Сөйтіп, осындай қарқынды жұмыстар арқасында соңғы жеті жылда қаладағы тозған жылу магистраль­дарының 1182 шақырымдайы жаңартылып, ескірген жылу желілерінің санын 65 пайызға дейін азайтты.

Дегенмен, қалада жылу көздері жаңартылып, жылу магистральдары жөндеуден өтіп жатқанымен, кейбір үйлер қалаға жылу берілгеннен соң да бірден жылынып кете қоймайды. Оның басты себебі, қаладағы қайсыбір ПИК-тер өз қарауындағы үйлердің жылу жүйесін жаз бойы қысқы жылу беру маусымына дайындап үлгере алмай жатады. Мы­салы, өткен жылы жылу беру маусымы басталғанда қаладағы 22 ПИК жылуды қабылдауға техникалық жағынан дайын болмай шыққан. Ал енді биылғы жылы қанша ПИК-тің жылу беру маусымына дайындалып үлгергенін 15 қазанда қалаға жаппай жылу берілгенннен соң байқай аламыз.

Сондай-ақ, қазір қаладағы тұрғын және қоғам­дық үйлердегі жылу көздері мен жылу желілеріне қатысы жоқ жылу шығыны шамамен 30 пайызды құрайды. Бұл ретте, әсіресе, жылу шығыны тұрғын үйлерде өте көп болып тұр. Ал оларды азайтуға бү­гін­де жылпыүйлік жылу есептегіш (ЖЖЕ) құрал­дарын орнатудың ықпалы зор. Өйткені, олар нақты пайдаланылған жылудың тура көрсеткішін көрсетеді дейді. Бұл ретте тұтынушы жылу жүйесінің ашық-шашық қалу себебінен ысырап болған жылу шығы­нын төлеуге құқылы емес. Демек, бүгінде Алматы­дағы ЖЖЕ құралдары орнатылған 2661 тұрғын үйдің немесе барлық тұрғындардың 36 пайызы ЖЖЕ орнатпаған тұрғындардан 1 шаршы метр тұрғын алаң үшін 55 теңге кем төлеп отыр.

Әрине, жылудың бостан-босқа ысырап болуы­на кейбір жағдайларда тұрғындардың өздері де себепкер болып жататыны бар. Атап айтқанда, күз немесе көктем айларындағы жылу қуаты толық беріліп тұрған кездері кенеттен ауа райы күрт жылынып кетеді де, жылу электр стансалары (ЖЭС) жылу же­лілеріндегі температуралық режимді өзгертіп үлгере алмай қалады. Соның салдарынан пәтерлер ысып кетеді де, «ыстық бөлмеде әбден пысынаған» тұрғын­дар терезелерін ашып тастауға мәжбүр болады.

Міне, осы жақында қалада тура осындай жағдай орын алды. Жұма күндері, яғни, 10 қазанда жылу құбырлары жылытыла бастаған көпшілік үйлер осы дүйсенбіде күн қайта жылына бастаған соң, есік-терезелерін айқара ашып тастады. Оны біздің өзіміз де анық байқадық. Сөйтіп, жылу берушілер, қара­пайым тілмен айтқанда, көшелер мен аулаларды «жылытып» жатыр. Ал осыған байланысты жылу өндіруге пайдаланылатын қаншама отын құр бекерге зая кетіп, көп шығындар келтіруде. Әрине, бұл ретте терезелерін ашып тастаған тұрғындар шығын болған жылу ақысын өз қалталарынан төлейтіні белгілі. Өйткені, жоғарыда айтқаны­мыздай, көпшілік көпқабатты тұрғын үйлерге жалпыүйлік жылу есептегіш құралдары орнатылған. Ал олар терезесі ашық болса да жылу берілген құбырлардағы температураны өлшеуге арналған.

Осы орайда, мұндай жағдайдан шығудың жол­дары табылғанын қуана айтуға болады. Мысалы, осыған дәлел ретінде қазіргі таңда қаламызда орна­тыла бастаған замана жетістігі – Автоматтан­дырылған жылу бекеттерінің (АЖБ) тиімділігін айта кеткен жөн. Оның басты тиімділігі – бұл жаңа құрылғы үйге берілген жылуды сыртқы ауаның температурасына қарай реттеп отыруға қабілетті екен. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын шаһардағы Байзақов көшесіндегі 56 пәтерлі №289 үйге орнатылған осындай құрал қазір өзінің тиімділігін айқын көрсетуде. Мұның басты дәлелі, осы АЖБ орнату нәтижесінде былтырғы үш айда бүкіл үй бойынша 390 Гкал жылу қуаты немесе 1 млн. 800 мың теңгенің қаржысы үнемделген екен. Демек, осындай жаңа құрылғы орнатудың арқасында үш бөлмелі бір ғана пәтер 28 мың теңгеге үнем көрген. Дегенмен, мұндай пайдалы жаңа замандық құрыл­ғыны орнатудың өзі кәдімгідей ақша тұратынын ескергеніміз жөн.

Қорыта айтқанда, кешеден бастап Алматы қаласында жылу маусымы басталып кетті. Өткен сейсенбіде Алматы қаласының 92 пайызы жылумен қамтамасыз етілді. Бірақ, алда әлі сарышұнақ аязы сықырлаған қаһарлы қыс айы келе жатыр. Онда үйіміздің жылы болуы жаздағы жұмыстарымызға байланысты. Бұл ретте мегапо­листегі барлық үйдің жылы болуы үшін қалалық әкімдік қолда бар күшін жұмсағанын ұмытпа­ғаныңыз дұрыс. Ал қалғаны көп жағдайда тұр­ғындардың өздеріне байланысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *