Жылды қуанышпен бастадық

Бала тәрбиесі – адам өмірінде үлкен орын алады. Баланың өмірі мәнді өту үшін, ата-ана өздерінің мейірімді­лік­терін, жүрек жылуларын беруге тыры­сады. Баласының қуанышты жүзін көруді армандайды. Біздер де баланың өміріне бей-жай қарай алмаймыз. Қазіргі заманда балаларымыздың арман-тілектерін орындай алмай да жатамыз. Балаларымыздың үлкен шараларға қатысып, сыйлықтар алғысы келетіні де рас.

Осыған орай, Жетісу ауданындағы №80 мектептің қамқорлыққа алынған, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылары қала әкімінің ұйымдастырылған шырша мерекесіне қатысып, цирк әртістерінің өнерін тамашалап, Аяз атадан сыйлық алып, қуанып қайтты. Сонымен қатар, «Жақ­сыға ешкімнің де жаттығы жоқ, көреді бәрін де өз баласындай» дегендей, Жетісу ауданы әкімі Мұхтар Тәжібаевқа ата-аналар, мектеп ұжымы атынан қуаныш сыйлаған, мейірімге толы мереке ұйымдастырғаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ғ.ЕНСЕБАЕВА,

№80 мектептің әлеуметтік педагогі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *