ЖОЛАУШЫҒА ЖАЙЛЫ, ЖАҢА АВТОБУСТАР

Алматы қаласына газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады

Н.ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Кейінгі жылдары жолаушылар тасы­малдау жұмысы жақсарып, қаламыздағы ескі автобустар жаңа автобустармен алмастырылып, жолау­шылар тасымалдау қызметі өрке­ниетке бой алдыра бастағаны белгілі. Өткен жылы көлікті реформалау аясында қаламызға Евро-5 стандарт­тарына сай келетін 497 автобус сатып алынған болса, биыл олардың қатары тағы да жаңа 200 автобуспен толықпақ. Техникалық сипатына орай автобустардың сыйымды­лығы үлкен, едендері төмен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтер­мелі пандустармен жабдықталған әрі газбен жүреді. Жаңа автобустардың келуімен және адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында аялда­ма­ларда жаңартылып, ВRT желісін­дегі аялдамаларда қоғамдық көлік­тердің аялдамаға қай уақытта келе­тінін, қатынау жиілігін және келе жатқан автобустың нөмірі мен бағы­тын көрсететін электронды таблолар пайда болды. Қазіргі кезде дәл осын­дай үлгідегі Желтоқсан – Төле би – Шығыс айналма жолы – Құлжа трак­тін қамтитын ұзындығы 13,2 шақы­рымды құрайтын желінің екінші кезегінің жобалық-сметалық жобасы жасалуда.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында жүргізу­шілерге қойылатын талаптар да күшейтіле түскен. Жұмысқа қабылданатын жүргізу­ші­лер мен жолаушыларға жайлы, жаңа авто­бустарда жұмыс істейтін жүргізушілер кәсіби біліктілік Орталығында білімдерін жетілдіріп, жолаушыларға қызмет көрсету этикасына машық­танбақ. Бұйыртса, Алматы қаласын­дағы қоғамдық көлік жүргізушілерін бірыңғай киім үлгісінде көретін боламыз. Қазір автопарктер жүргізу­шілер үшін бірыңғай киім үлгісін сатып алуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *