Жол қозғалысында – жаңа ережелер

%d0%b6%d0%be%d0%bb-%d0%ba%d0%be%d0%b7%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d1%81%d1%8b

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

«Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қаласындағы филиалында Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орын­басары Жандос Мұраталиев пен әкімшілік полиция басқармасы бөлім басшысының орынбасары Еркін Өтегеновтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Онда жол қозға­лысына енген жаңа ере­желер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Олардың айтуынша, әкімшілік ко­декстің 601-бабы бойынша, яғни, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлі­гіндегі таңбалармен көрсетілген талап­тарды сақтамағандарға салынатын айыппұл көлемі 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмен­деді. Бұл бапқа стоп-сызығы, бұрылыстар, велосипедке арналған жолдар және жаяу жүргіншілер қесіп өтетін жерлер кіреді.

Осыған орай, мопедші пен велосипед­шілер үшін жаяу жүргіншілерге арналған жолмен және «зебралармен» жүруге ресми түрде тыйым салынды. Бұл ереже осыған дейін болмағандықтан, мопед және велосипед жүргізушілері жаяу жүргін­шілерге арналған кез-келген жолмен емін-еркін жүре беретін.

– Егер веложол болмаса, шайтанар­ба­шы автомобильдерге арналған жолдың жиегімен жүруге тиісті. Ал олар тротуарға шығып жатса, амал жоқ, оларға айыппұл салуға тура келеді, – дейді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бас­шы­сының орынбасары Жандос Мұра­талиев.

Сонымен қатар, жаңа заң бойынша, жүргізушілерге өзін тоқтатқан поли­циямен арадағы әңгіменің ақ-қарасын айыру мақсатында видеоға түсіруге рұқсат етілді.

Биыл 1 АЕК көлемі 2269 теңге екенін ескеру керек.

– Бұрын әкімшілік хаттама толтыру кезінде видеоға жазып алу туралы біраз дау туғанын бәріміз білеміз. Полиция өкілдері жүргізушінің видеоға түсіру құқығы жоқтығын айтатын. Бірақ, біз ең алдымен жүргізушінің құқығын қорғау мақсатында олардың бейнетаспаға түсіруіне рұқсат ететін шешім қабыл­дадық. Заңға енгізілген ереже бойынша, полицей көлікке барып, өзін таныстыруға міндетті. Сосын қандай тәртіп бұзылғанын және оның видеосын жүргізушіге көр­сетуге міндеттелді, – дейді Жандос Дүйсебайұлы.

Ал жүргізушілік куәлікті көлік қарсы бағытқа шығып кеткен жағдайда ғана емес, қос тұтас сызық бойымен кері бағытқа бұ­рылған жағдайда да алып қою қарас­ты­рылған. Бұған 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім берілген.

Сонымен қатар, жиында мерзімі өткен жүргізушілік куәлікті қайта алу үшін және тағы да басқа жаңа ережелердің енгені айтылды.

 

Жүргізуші куәлігін жарты сағатта аласыз

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін құжаттарды Алматы қаласы маманданды­рылған ХҚКО-мен (Саялы ш.а. Аққайнар к-сі, 1) қатар, Алматы қаласы, Жетісу ауда­нының №1 бөлімінде, (Құлагер ш/а Серіков к-сі, 6) және №2 мамандандырылған ХҚКО секторында (Майлин к-сі, 85) өткізуге болады.

Мұнда емтихан тапсыруды қажет етпейтін болса, мерзімі аяқталған куәлік­терді ауыстыру, тегін өзгерткенде және жоғалтқан жағдайда берілген уақытша жүргізуші куәлігін тұрақты жүргізуші куәлігіне ауыстыру мүмкіндігі бар.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО жүгінген кезде өзімен бірге келесі құжаттар болуы қажет: жеке басын куәландыратын кұжат; №83 нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі; төлем төлегендігі туралы түбіртек; тегін ауыстырған жағдайда – оны растайтын құжат; жоғалған жағдайда – уақытша куәлік; кәсіби жүргізушілерге  – «С», «D», «D1», «Tm», «Tb» санаттарын қостыру үшін жұмыс орнынан анықтама; шетел азаматтығы бар жүргізушілерге – сыртқы істер министрлігінің диплома­тиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымның жолдамасы.

Жүргізуші куәліктерін ауыстыруға өтініштерді дүйсенбі мен сенбі аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз қабылдайды. Дайын құжаттарды  – жұмыс кестесіне сәйкес: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз алуға болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *