Жетекке жүретін ел және жетектейтін ел

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик:

– Қазақ ел болып қалу үшін технократтық елге айналу керек. Технократтық елге айналмай, қазақ ел болмайды. «Ұлттық намыс, ұлттық рух» деген сөзді қазақ көп айтады. Мұның барлығы технократтық реформа болмай, бос сөз болып қалады. Рух деген не өзі? «Ойбай, рух қайда?» деп сіз күніге жүз рет айқайлаңыз. Не өзгереді? Бір бес минутқа сіздің рухыңыз көзін ашар, «әй, не болып қалды, бұл не шу?» деп. Содан кейін қайтадан қалың ұйқыға кетеді. Рухыңыз ұйықтамай, мүлгімей, сергек жүру үшін оның артында бір тірек болу керек. Бұл тірек – технократтық. Яғни қазақты  өзгелерге  мойындататын  өзінің жасайтын бірдеңесі болу керек. Қазақ деген – ақылды халық. «Мінеки, жасаған заттарын қараңыз» дегізетіндей.

…Дүниеде елдің екі түрі болады. Жетекке жүретін ел және жетектейтін ел. Мысалға, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердің басты мақсаты – керемет компьютерлерді шығару да, өзге елдердің мақсаты – солар шығарған компьютерлерді сатып алу. Қысқаша айтқанда, олар өндіруші ел де, қалғанының барлығы – солардың өнімін тұтынып, жетегінде жүретін елдер. Бұл дегеніміз – экспансияның жаңа түрі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *