ЖАЗУШЫЛАР ІЗГІЛІКТІ КӨБІРЕК НАСИХАТТАСА, ҚОҒАМ ТҮЗЕЛЕДІ

2351Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинмен кездесті 

Бас мүфти Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойымен құттықтап:

– Біздің жас, тәуелсіз еліміздің тарихында Жазушылар одағының алатын орны ерекше. Бұл қарашаңырақ еліміздің рухани, мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Қоғамда идеологиялық пікір қалыптастыратын негізгі күш – қалам иелері. Жазушылар өз туындылары арқылы ізгілікті көбірек насихаттаса, қоғам түзеледі. Иманды қоғам қалыптастыру – баршаға ортақ борыш. Алла Тағала баршамызға ел игілігі үшін қызмет етуде қажымас қайрат, күш-жігер нәсіп етсін, – деді Ержан қажы Маямеров.

Бас мүфти Нұрлан Оразалинге Діни басқарма атынан арнайы сыйлық пен қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.

Жазушылар одағының төрағасы Бас мүфтидің бұл қадамын жақсылыққа балап, жылы лебізін білдірді.

ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *