Жаз қызығы енді басталды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Табиғат деген тілсіз, тылсым құдырет қой. Кейде көктемнің орнын жаз басып, тіпті жаз мезгілінде жапырақ жауып, күзге айналып жатады. Биылғы жылғы жаз айы да жаңбырлы әрі салқын болып басталды. Тау іші салқын болғандықтан қала маңын­дағы сауықтыру демалыс орындары жұмысын енді бастап отыр.

Қашан да қаламыздың ең кішкентай тұрғындарының бос уақытты тиімді пайдалануын басты назарда ұстап отыратын қалалық әкімшілік биыл да бюджеттен 232,4 млн. теңге бөліп отыр. Бұл қаражатпен төрт мыңға жуық бала­ның тегін демалуына болады. Жалпы, жаз айы басталысымен жүз мың баланы қамтитын 800 лагерь ұйымдас­тырылуда. Лагерьлер тек қала аумағында ғана емес. Мәселен, олар түрлі тақы­рып­тарды қам­тиды. Таза ауадағы, спорттық, жекемен­шік, пікір­сайыс­тық, пәндік, шатырлы, спорттық, эколо­гиялық, мектеп жанын­дағы, т.б.

Мектеп жанындағы лагерьлер ата-аналардың еркін жұмыс істеуіне қолай­лы жағдай туғызатындығы  белгілі. Күн­діз балалар қараусыз қалмай, уақыт­тарын тиімді пайдаланып, үйірмелерге барады, тіл үйренеді. Тіпті, бір мезгіл ты­нығып алатын да мүмкіндіктер қарас­тырылған. Мұндай мектеп жанын­дағы лагерьлер биыл 636 мектеп жаны­нан ашылып, 56,5 мың оқушыны қамты­п отыр. Осы лагерьдің 236-сы бас­тауыш сынып оқушыларына арналған. Ал 379-ы мектеп жанынан ашылған лагерьдің бағыты ағылшын тілін үйретеді.

Балалардың дәл қазіргі жас кезеңінің артықшылығы тілді тез меңгеріп алатын­дығы. Сондықтан ата-аналар да бала­лары­ның ағылшын тіліндегі білім­дерін тереңдете түскенін қалайды. Ағыл­шын тілін биыл 22,659 бала үйренуге құлықты екен. Жаз басталса, қала­мыздағы Оқу­шылар үйлерінің жұмысы қыза түсетіні белгілі. Әр түрлі бағыт­тардағы 21 лаге­рьлер мен Жас нату­ралистер стансасына 1491 бала қаты­сатын болады. Балалардың пікір­сайыс­тық, пәндік, спорттық, эко­логия­­лық, өлкетану сынды 136 лагеріне 16 мыңнан астам бала қатысуда. Таза табиғат аясындағы демалыс түрі тіпті ерекше болады.

Биыл жаз бойы қала маңындағы 21 ла­герьде де демалушылар өте көп. Осы лагерьлердің 20-сы облыстық болса, біреуі «Өрнек» атты лагерь мемлекеттік. Қала маңындағы жекеменшік лагерь­лерге де өтініш білдірушілер саны өте көп. «Сәлим», «Жас құрылысшы», «Тау күні», «Ақ бас­тау», «Пионер», «Эдель­вейс» деп аталатын лагерьлер биыл үш мың жеті жүз баланы қамтып отыр. Қала аумағындағы «Жалын» сауықтыру лагеріне 1700 бала, «Спут­никке» – 1400, «Тау жана­шарға» – 1050 бала демалады. Жалпы, биылғы жазда 215 мың бала жай­лы демалса, ата-анала­рымен теңіз жаға­лауларына, шет елдерге барып дем­алатындар қаншама!

Бұған ауылдағы ата-әжелеріне барып, қозы-лақ қуып, күнге күйетін балаларды қосыңыз. Қарап отырсаңыз, жаз бойы бос жүретін бала болмайды. Жазғы дем­алыс енді қызғалы отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close