Жасыл желек жаңа жолға бастайды 

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Алматы қалалық филиалының  бастамасымен   Наурызбай ауданы мектеп оқушылары «Адал жол–2018» сенбілігін  өткізді.   Алматының жаңа ауданының жаңа орталығы «Шұғыла» ықшамауданында өткен бұл сенбілікке  сексеннен астам оқушы қатысып, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа өз үлестерін қосты. Сенбілік  басталмас бұрын    Наурызбай ауданының әкімі Сайран  Сайфе­денов,  «Жаңару» қозғалысының төрағасы  Қанат Өскенбаев сөз алып,   биылғы оқу жылында мектеп бітіретін  жас түлектерге сәтті қадам тілеп, өткізіліп отырған іс-шараның басты мақсатын түсіндірді.  Қоғам өмірінде кең етек жайып бара жатқан жемқорлық әрекеттердің еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына тигізер кері әсері жөнінде айтып,   осы жаман дағдыларға қарсы күресті жастайынан қалыптастыру керектігін  жасөспірімдердің санасына жеткізді. 

– Бүгінгі отырығызылған жас ағаш  сендер қалай исеңдер солай иіледі, сендерде сол жас тал секілдісіңдер, өздеріңді қандай бағытқа бейімдесеңдер, сондай бағытқа бет түзейсіңдер. Сол себепті, бүгінгі отырғызған ағаштарың түзу, сендердің жақсы да адал жолдарыңның тілекшісі болып өссін, жолдарың ақ кедергісіз болсын деген ақжолтай тілегін айтқан  аудан басшысы Сайран Тәпенұлы мен  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының РҚБ Алматы қалалық филиалының төрағасы Қанат Өскенбаев өздері бірінші болып қара ағаштың көшетін отырғызды.   Оқушылар енді ғана бой түзеп, жасанып келе жатқан  «Шұғыла» ықшамауданында  болашақта   өздерінің жасыл желекті саялы жолдары болатын­дығына дән риза болды.   Биыл мектеп бітіретін жас түлектердің қатысуымен өткен «Адал жол–2018» сенбілігі барысында оқушылар 80 түп ағаш отырғызып,  қала басшысы Бауыржан Байбектің қала  тұрғындарына арналған үндеуін  тыңдады. Сенбілік  бастауыш сынып оқушыларының  флешмобымен   аяқталды.

– Бұл іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық және отансүйгіштік қалыпта тәрбиелеу, экологиялық мәдениеттері мен   Отанға деген махаббаттан құралған азаматтық сана-сезімдерін қалыптастыру, – дейді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандырып жүрген «Жаңару» қозғалы­сының төрағасы Қанат Өскенбаев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close