Жасыл комиссия құрылды. Қарағай орманына жер бөлінді

Тимур Елеусізов, «Табиғат» ЭКО одағы төрағасының орынбасары:

– Тұтастай алғанда мәселелер шешілуде. Бірақ енді біз ойлаған деңгейде емес. Әкімнің барлық ауданға барып, тұрғындармен кездесу өткізіп, біздің мәселемізді шешіп бергені кәдімгідей әсер етті. Ганди шағын саябағына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек деген өтінішіме құлақ асып, жөндеп берді. Одан кейін мен Б.Сағынтаевқа өтініш айтып, қарағай орманын егу үшін арнайы жер бөлуін сұрастырғанмын. Ол бізге қаланың төменгі бөлігіндегі «Саялы» ықшамауданынан жер бөліп берді. Қаңтардың бірінен бастап 8 наурызға дейін біз ол жаққа ағаш отырғыздық. Яғни биіктігі 2-3 метр болатын 200-ге жуық ересек қарағай көшеттерін отырғыздық. Және сквер жасау үшін де ақша бөлгенін қала үшін жасалған үлкен іс деп бағалаймын. Себебі, қаланың төменгі бөлігі үшін жасыл саябақтар мен свкерлерді дамыту өте өзекті. Ондағы тұрғындар да өздерін жасыл желектің саясында жайлы сезінуі керек.
Әкімнің келуімен қалада жасыл комиссия құрылған болатын. Ондағы мүшелер жасыл желекті қорғау ережелерін бекіттік. Енді оның қолданысқа енгенін күтіп отырмыз, сол кезде қала әкімдігінен үлкен жұмыстар атқарылуы керек. Өйткені, қазір қаладағы жасыл желектерді қорғау мәселесі өте өзекті болып тұр. Кәсіпкерлер болсын немесе түрлі коммуналдық қызмет өкілдері тарапынан болсын қазір ағаштар аяусыз кесілуде. Ал біз оларды жаппай қорғауымыз керек.
Ең бастысы қалада жұмыстар атқарылып жатыр. Ары қарай да әкім мырза тұрғындарға құлақ асып, ортақ шешімге бірге келе отырып, жұмыс істейтініне сенемін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *