Жастардың үйді жалға алуына құжаттар қабылданады

Атап айтқанда, тек  Алатау ауданы бойынша ғана осындай сатып алу құқығынсыз 255-тей пәтер жалға берілетін болады.

Құттыбек АЙМАХАН

Оған өтініштерді қабылдау биылғы 2020 жылдың 5 қаң­тарынан басталып, үстіміздегі жылғы 20 қаңтарға дейін жалғасатын болады деп мақсат етіліп отыр екен. Мысалы, осыған байланысты сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерден, тек Алатау ауданы бойынша ғана жастарға 255 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр.

Ал бұл үшін құжаттарды «almaty-jastary.kz» сайтына электронды сандық қолтаңбалар арқылы ғана өткізуге болады. Мұндағы ұсынылып отырған ең басты талап – өтініш беруші азамат 29 жасқа толмаған және жұмыс істейтін болуы шарт екен. Сонымен қатар, олардың Алматыда кем дегенде 2 жыл тұрақты тіркеуде болуы және әрбір жастың атында 2 жылдан астам уақыт бойы  тұрғын үй болмауы тиіс көрінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *