ЖАСТАР ЛАГЕРІ ШАҚЫРАДЫ!

Алматыда қаланың белсенді және дарынды жастары үшін «Туған жер» жазғы жастар лаге­ріне қатысуға өтініш қабылдау уақыты басталды.

Бұл жобаны Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Socіal Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

2018 жылдың 13 тамызы мен 18 тамызы аралығында «Лесная сказка» таулы курорттық-қонақүйі Алматы жастарының 150 өкілін қабыл­дайды. Лагерь қатысушыларын 5 тәулік бойы белсенді демалыс, пайдалы оқу бағдарла­малары және көркем табиғат көріністерінің арасында түрлі спорттық, мәдени іс-шаралары күтеді.

«Туған жер» жазғы жастар лагері біздің қала­мыздың перспективті жастарының шығар­машылық әлеуетін дамытудың тиімді алаңына айналады. Жобаның басты мақсаты — жеке өсу үшін ғана емес, жас ұрпақтың мәдени, физи­калық және кәсіби дамуы үшін барлық жағ­дайларды жасау. Сондықтан лагерьдің барлық қатысушыларын пайдалы шеберлік сабақтар мен тренингтер, сонымен бірге футбол және волей­болдан турнирлер, КВН, интел­лектуалды «брэйн-рингтер», мафия ойын­дары және т.б.  спорттық және шығарма­шылық жарыстар күтеді. Жастардың көпшілігі үшін «Туған жер» жазғы жастар лагері қызық­ты өмірлік тәжі­рибе алудың бірегей мүмкіндігі ғана емес, соны­мен қатар, өзінің жаңа қыры ашылатын, пікірлесте­рімен танысып, еліміздің көптеген табысты тұлғаларын кездестіретін орын болуы мүмкін!

Қатысу үшін барлық үміткерлер лагерьдің www.tugan-jer.kz ресми сайтында өтініш бере алады. Өтініш қабылдау уақыты 2018 жылдың 5 тамызында аяқталады.

Қосымша ақпаратты лагерьдің электронды сайтынан:www.tugan-jer.kz, сондайақ әлеу­мет­тік желілердегі мына ресми лагерь топтарынан табуға болады

https://vk.com/tuganjer_camp

https://www.іnstagram.com/tuganjer_camp/

https://www.facebook.com/groups/tuganjer.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *