… Жапондар әр онжылдықта бір жазушыны әлемдік аренаға шығарып отырады екен

СӨйле десең, сӨйлейін

%d1%80%d0%b0%d1%85%d1%8b%d0%bc%d0%b6%d0%b0%d0%bd

Рахымжан Отарбаев:

– Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде Бақтыгүл Маханбетова деген әйелдің «тұңғыш әдеби агенттік» құрдым деп жарияға жар салған мақаласы шықты. Сонда осы уақытқа дейін қалғанымыз ай қарап жүрген болдық қой? Қазақ жазушы­ларының ішінде шет елде әдеби агенті бар тұңғыш жазушы мен болғанмын. Сенің агентің болмаса, Еуропаның кітапханалары мен дүкендері маңына да жолатпайды. Кітабың шыққан күні бәрін бір жерге жинап, өртей салса да таңқалмаймын.

Бірде шығармаларымды француз тіліне аударып жүрген жазушыға айттым: «Сендер неге жапонның Харуки Мураками деген жазушысын іздеп жүріп оқисыңдар. Ол нашар жазушы ғой, мен мойындамаймын» дедім. Сол кезде француз досым, «айтып отырған уәжіңнің бәрі дұрыс, бірақ, бұл жазушының кереметтігінен емес, Жапония саясатының көрегендігінен ғой» деді. Жапондар әр онжылдықта бір жазушыны әлемдік аренаға шығарып отырады екен. Оның кітап таралымын, жарнамасын, барлық сый-сияпатын алып беруге үлкен қаржы жұмсайды. Біздің не үшін әлемдік аренада бағымыздың жанбай жүргенін өзіңіз бағамдай беріңіз. …Қалыпқа құйылған мыңжылдық түсінікті бұзбай әдеби әлеміміз көпшілікті таңқалдыра алмайды. Сол себепті мен өзгеше ойлауға, өзіндік стиль қалыптастыруға өзімді қамшылап отырамын.

«Әдебиет порталы».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *