ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ

«Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен басталды

2019 жылдың 5-шілдеcі мен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Жүректен жүрекке» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Оның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. «Мектепке жол» акциясы Алматы қаласының барлық мектептерінде ұйымдастырылуда.

Алматы қаласының Әуезов ауданына қарасты «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясы да осынау қайырымдылық іс-шарасына белсене атсалысып отыр. Аталмыш білім ошағында өткізіліп жатқан шаралар көз қуантады. Мұндай шараларға ата-аналар мен жүрегінде қайырымдылық оты бар кәсіпкерлер көмек қолын созудан аянып қалып жатқан жоқ.

Осы ретте мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауға жаны құштар, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын «Ақ Бота» АҚ тігін компаниясы 100 бірдей баланы тегін спорт формасымен қамтыса, ал «Angelher» ЖШС мен «Glazman» ЖШС тігін компаниялары қамқорлыққа алынған төрт баланы мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жыл сайын республикалық масштабындағы осындай беделді миссияға қатысқаны үшін барлық демеушілерге алғыс білдіргім келеді. Мұндай акциялар жағдайы төмен оқушылар үшін үлкен көмек, олардың білім алуына деген ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Сандуғаш БИЖАНОВА,

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *