ЖАҢА ӘЛІПБИ — ЖАҢА ДӘУІР БАСТАУЫ

Қазақстан тәуелсіздігін жа­рия­лаған кезден бастап латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар қазақ зиялы қауымы мен лингвисте­рінің арасында жүргізіле бастады. 2006 жылдың 24  қазанында өткен Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның XІІ сессиясында Елба­сы Нұрсұлтан Назар­баев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері оны кейінге қалдырған еді. Әйтсе де, латын қарпі коммуни­кациялық кеңіс­тікте басымдыққа ие және көп­теген елдер, соның ішінде пост­кеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқ емес», — деген болатын. Сондай-ақ, латын әліп­биіне ауысқан көршілес мем­лекеттердің тәжірибесін назардан тыс қалдырмауды да осы жиында тапсырған. Осы тапсырмадан соң, қазақ әліпбиін латын графика­сына көшіру жолында әр түрлі жұмыстар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің идеясы қоғам арасында қызу талқыланып, өзектілігі айқындалған мәселе болатын.

Өз ұлтымыздың, тіліміздің жанашыры ретінде, біз мемле­кеттік қызметкерлер осы баста­маны қолда­уымыз қажет. Қазақ әліп­биін латын графикасына көші­ру елімізге ғылым-білім жағынан, саяси тұрғыдан, заман талабына сай даму үшін де өте ма­ңызды. Қазіргі кездегі үштіл­дікті дамытуда да латын графи­касының тигізер үлесі мол. Бү­гінде жас буын өкілдері компью­тер тілін жетік меңгеріп, ғаламтор желісі арқылы ақпарат алмасады. Жастар­дың көпшілігі қазірдің өзінде латын графи­касын қолда­нуда. Сондықтан да бұл рефор­ма айтар­лықтай қиындық тудыр­майды. Еліміздің бола­шағы жастар екенін ескерсек, жастар­дың бірлігі мен татулығы алдымен тілден басталатынын ұмытпауы­мыз керек.

Ж.Ерназарова,

Алматы қаласы

Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркеу жұмысын ұйымдастыру

бөлімінің жетекші маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close