ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖЫР-ЖҮРЕК

Жақында жыр алыбы Жамбыл Жабаев туғанына 165 жыл толуына орай  Республикалық кітап музейінде «Жүз жасаған жыр-жүрек» атты көрме-кеші өтті.

Халық поэзиясының асқар шыңы, әлем поэзиясының дүлділі Жамбылдың ақындық дүниесі айырықша бір қазына. Данагөй Жамбылдың тарихи-этникалық жырларын, лирикалық, философиялық, сатиралық өлеңдерін тамсанбай оқу мүмкін емес. Жамбыл Қазақстанның ғана емес, әлем жұртшылығының ең сүйіп, аса жоғары құрметпен оқитын ақыны. Жамбылдың өлең жырлары көптеген шет тілдеріне аударылып, кітап болып шыққан.

Көрме-кеште Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университеті кафедра меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы  Темірхан Тебегенов,  М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қазіргі әдебиет бөлімінің  меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы  Нұрдаулет Ақыш, Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Жолмұхан Түрікпенұлы, ұрпақтары атынан Жамбылдың немересі, халық ақыны Әлімқұл Жамбылов, Жеңісхан Жамбылов, Мұратхан, Бекмұрат Жамбыловтар сөз сөйлеп, толымды ойларын айтты.

Сонымен қатар Алма Аманжолова, Бекмұрат Жамбылов, Сара Тоқтамысова, Жылбек Тоқтасыновтар жырмен шашу шашып, кеш көркін әрлендіре түсті.

Кітап көрмесіне кітап музейінің қорынан алынған Жамбыл Жабаевтың кітаптары мен ол туралы жазылған еңбектер, фотосуреттер қойылды.

Салтанат ӘШІМОВА,

Республикалық кітап музейінің

аға ғылыми қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *