Өзекті мәселелерге толы өзгеше Жолдау

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы:

– Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жол­дауы өзекті де өткір мәселелерді қамтып отыр.

Жолдау барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуының маңызды салаларына тоқталып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі уақытта күйзеліске түскен саланың тамырына Тұңғыш Президент Н.Назар­баевтың сара басшылығы арқасында қан жүгіріп, ел еңсесінің көтерілгенін, жаппай инновация тарту, индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 жылда Қазақстанның жедел дамушы ел ретінде әлемге танылғанын баса айтты. Сонымен қатар, «Ел дамуындағы осы үрдісті әрі қарай дамыту үшін әлем мойындап отырған Назарбаев моделін жалғастыр­уымыз керек. Елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне өтуге қазір мүмкіндіктер беріліп отыр», – деді.

Мемлекет басшысының қазақ тіліне қатысты айтқандары менің көңілімнен шықты.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп ұлтаралық тілге айналып жатса, Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойларын білдіру құқығына ие болу митингілер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туралы айтқандары да қоғам үшін аса қажетті дер едім.

Жолдауда тағы бір өзекті мәселе көтерілді. Елімізде ауыр қылмыстар көбейіп барады. Әсіресе, әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылықтың құрбаны болып отырғаны жасырын емес.

Осындай ауыр қылмыстарға қарсы жазалау шараларын күшейту заңды қатайту үшін Үкіметке тапсырма беруі өте бір орынды іс болды.

Президент білім саласындағы қордаланып қалған мәселелер туралы да айтып, орта және кәсіптік білім беруге баса назар аударды. Мектеп оқулықтарының сапасыз екендігі де сөз болды. Университет бітірген түлектердің жұмыссыз жүруі де айтылып, сұранысқа сай емес, сапалы білім бере алмайтын оқу орындарын қысқарту керек деуі де көпшіліктің ойынан шықты.

Ел Президентінің Жолдауы әлеуметтік саланы толық қамтыған, жұртшылық сауалына жауап іспетті болды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *