ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР «REDBULL ШЛЕМ И КРАГИ» ЖАРЫСЫНА ШЫҚТЫ

«Red Bull Шлем и Краги» атауымен өткен хоккейден кәсіпқой емес спортшылар арасында бұқаралық  әуесқой жарысы хоккей мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Бұл – Қазақстандағы алғашқы жарыс.    

Іріктеу ойындары Алматыда (2 және 3 ақ­панда) және Астанада (2 ақпанда) өтті. Жарыс Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық ДШжС басқармасының, Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Жарыстың   ұйымдастырушысы, іс-шараның демеушісі   «Ред Булл Казахстан»  ЖШС тапсырма­сымен  «Sport Concept» қоғамдық қоры (А.Кузнецов, А.Шелепова) болды. Жарыс барысын комментатор И.Илюхин тамаша таныстырып отырды. Жарысқа ҚХФ аккредиттелген төрешілері Д.Михрамов, Р.Михрамов, А.Караваев және В.Фуго төрешілік етті Жарыстың жақсы деңгейде өтуіне еріктілер атсалысты. Жарысқа 17 әуесқой ерлер командасы мен бір әйелдер командасы қатысты. 16 жастан асқан ойын­шыларға қатысуға рұқсат етілді. Қатысу­шылар жарна төлеген жоқ. Қоршауларсыз шағын алаңдарда, төртке-төрт форматында және қақпашысыз ойнады. Екі ойыншы запаста болды. Ойындар ашық алаңда таңер­теңнен түнге дейін өтті. «Қағулар» (щелчки) мен  күш көрсету тәсілдеріне тыйым салынды. Тізеден жоғары деңгейде шайбаны лақтыруға рұқсат етілген жоқ.  Кездесулер 15 минуттық «жарыс уақы­тында» өткізілді. Қақпалар лақтырылған шайба түсетін мұздың үстіндегі шағын ойығымен қаттап жиналған доңғалақтардан жасалды.

Алматы қаласында өткен «Red Bull Шлем и Краги»   алғашқы жарысының ерек­шелігі – зейнеткерлердің қатысуы болды. Іріктеу ойынында зейнеткерлер жас әрі кәсіби дайындалған хоккейшілерден жеңіліс тапты, яғни теориялық тұрғыдан чемпион бола алмады. Алайда, бұл ойында зейнет­керлердің жеңілісі жеңіске тең еді. Екі жыл ішінде               «Agalar» ардагерлер коман­дасы алғаш рет жарысқа қатысып отыр. Олар үшін бұл бірінші жарыс болды.  Екіншіден, зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүру және хоккей ойнау  ерлікпен тең. Ең бастысы, олар жастарға үлгі көрсетті.

Алматы қаласындағы «Red Bull Шлем и Краги» алғашқы жарысы  жоғары деңгейде өтті. Жарыстың  чемпионы «Трехногие» ко­мандасы болды, олар 23 ақпанда Москва қаласында өтетін Суперфиналға қатысатын болады. Ұйымдастырушыларға осындай мереке үшін алғыс айтамыз. Көңілді болды, мол  әсер алдық, жарыс барлықтарына  ұнады. Келесі жылы да ойындарға қаты­самыз деп үміт артамыз.

 

Амантай БӘШІРОВ,

 «Agalar» ардагерлердің әуесқой хоккей клубының президенті, тау-кен инженері, геофизик.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *