ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ ҮЙГЕ ЖЕТКІЗІП БЕРУ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы кәсіпкерлері палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Алматы қалаоық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, «Қазпошта» АҚ Алматы филиалының директоры Әлия Сүгірбаеваның қатысуымен брифинг өтті.

«Қазпошта» АҚ Алматы филиалының директоры Әлия Сүгірбаева 70 жастан асқан зейнеткерлерге карантин кезеңінде үйінде отырып зейнетақыларын алуға болатынын жеткізді.

— Бүгінгі таңда «Қазпошта» — Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. Қала тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету жобасы аясында «Қазпошта» АҚ логистикалық қызмет жөнінен Алматы әкімдігіне басты серіктес болып табылады. Бүгінгі күні филиал ұжымы жұмысын тәулік бойы осы мақсатқа жұмылдырып отыр. Біз тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қызметті «байланыссыз» жеткізуді қолға алып отырмыз. Қала әкімдігімен бірлесіп әзірленіп жатқан тағы бір жоба — зейнеткерлердің зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп беру. Біздің барлық қызметкерлеріміз — пошташылар мен курьерлер бұл іске толықтай дайын,- деді   Әлия Сүгірбаева.

Брифингке қатысушы мамандар  көпшілікті толғандырған мәселелерге байланысты жан-жақты түсінік берді.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *