ҮЗДIК БАЛАБАҚШАНЫҢ ҮЙРЕТЕРI МОЛ

  • БІЛІМ

19Ұрпақ тәрбиесiнде мектепке дейiнгi тәрбие беретiн мекемелердiң атқаратын мiндетi зор. Қым-қуыт тiршiлiгi мол қала өмiрiнде ата мен әженiң де орнын осы балабақшалар тол­­тырып отырады. Медеу ауда­нын­дағы №156 бөбекжай-балабақша осыдан екi жыл бұрын «Ең үздiк бiлiм ұясы» байқауында бас жүлденi жеңiп алған едi. Ұжым қызметкер­лерi бұл марапатқа өздерiнiң адал еңбектерi мен маңдай терлерiнiң арқасында қол жеткiздi.

Таңның атысынан қас қарай­ғанша қаламыздың ең кiшкентай тұрғын­дарының тағдырына жауапты балабақша қызметкерлерi бүлдiр­шiн­дердiң жүрегiне жол табумен қатар, олардың ата-аналарымен де ортақ тiл табысып, бiрлесе кеңесiп отырады. Ата-ана мен балабақша арасындағы бiтiмгершiлiктiң де берерi мол. Сондықтан, ұжым мүшелерiне ата-аналардың ықыласы ерекше, алғыстары шексiз. Осыдан 7 жыл бұрын ана тiлiнде тәрбие беретiн 11 топтық балабақша ашылғанда көптiң тiлеген тiлегi де осы едi.

Қала бойынша бас жүлде, «Үздiк тәрбиешi» байқауында аудан бойын­ша I орын, «Үздiк әдiстемелiк тәр­бие», т.б. байқау-жарыстардың же­ңiм­пазы атанды. Осындай жеңiстi жолдар әлi де жалғасын таба бере­тiнiне сенiмiмiз мол.

Жетi жыл iшiнде балабақша сегiз жүздей баланы мектепке шығарып салған едi. Балабақшадан алған тәлiм­дi тәрбиенiң балдырғандардың алдағы өмiрiнде де жолбастаушы болары анық.

Ұжымдағы тату тiршiлiк, жұмыс­тың өрге басуы ең алдымен оның басшысына байланысты. Бұл ретте көргенi жақсы, тоқығаны мол, нағыз бала жанының бағбаны – балабақша меңгерушiсi Аймен Шәймағамбет­қызының еңбегiн ерекше атап өткен жөн. Бiлiктi басшының талабының арқасында мұндағы жұмыстың бар­лығы да жүйе-жүйесiмен жүргiзiлiп отырады.

Балабақша қызметкерлерi жас ұрпақты Бiлiм беру стандартының «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуеттiк орта» деп аталатын салалары бойынша тәрбиелеп келедi. Бiз Аймен Шәйма­ғам­бетқызы басқарып отырған №156 бөбекжай-балабақшаның ұжымын алдағы Ұстаздар күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз. Ұл-қы­зымыздың осындай жауапты жан­дардың қамқорлығында болуы бiзге де үлкен сенiм әрi көңiлiмiз орнында. Қызық та жауапты бала тәрбие­сiн­дегi еңбектерiңiз жана берсiн, «Бала жанының бағбандары» демекпiз.

«Ер ТӨстiк»

тобының ата-аналары. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *