Үздік аула сыпырушылар анықталады

Соңғы кезде Алматыда «Үздік аула сыпырушыны» анықтау жұмысы дәстүрге енгені белгілі. Осы ретте үстіміздегі жылы мұндай байқау алтыншы рет өтетін болады.

Жалпы, қазіргі таңда Алматы көше­леріндегі аула сыпырушылар 4 мыңдай адам деп есептеледі. Әрине, олардың ішінен үздіктерін табу оңай емес. Өйткені, биылғы байқауға олардың арасында 200-дей аула сыпырушы жарысқа түседі деп күтілуде. «Ең үздік аула сыпырушы» атағын алматы­лықтардың өздері анықтайтын болады.

Байқау тәртібі, әрине, бізге белгілі. Атап айтқанда, алдымен байқауға қатысу­шы осы маусым айы соңында ПИК төр­ағалары арқылы арнайы өтініш берулері керек. Сөйтіп, байқауға қатысушы екі кезеңдік сыннан өтетін болады. Сайыс қорытындысы бойынша 30 «үздіктің үздігі», яғни финалдық сын иесі іріктеліп алынады. Ал содан кейін екінші кезеңде үздік шыққандандардың кәсіби шеберлігін арнайы құрылған комиссия қарап, тексеріп анықтайтын болады.

Естеріңізде болса, былтыр «Үздік аула сыпырушы» атағын осы салада 13 жыл жұ­мыс істеген «Мамыр-7» ықшамауданы­ның тұрғыны Қасымжан Мәмбетбакиев жеңіп алған болатын. Биыл мұндай атақ үшін күресу оңай болмайтын түрі бар. Өйткені, бас жүлдеге қол жеткізген жеңім­паз – 650 мың теңгені, бірінші орын иесі – 200 мың теңге, екінші жүлде иегері – 150 мың теңгені иеленетін болса, ал үшінші орын иесі атанатын үш аула сыпырушы­ның әрқайсысы 100 мың теңгеден алатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *