ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

1105Ұлттық ұлан сарбазына құрмет көрсетті

Айнабай МӘДИ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жоспарлы теміржол қарауылында сотталғандардың қарумен қашу әрекетін тойтарған Ұлттық ұлан сарбазын қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласында орналасқан 7552 әскери бөлімінің сарбазы, ефрейтор Нұрасыл Мүбараков пен оның ата-анасы, бірнеше әскери қызметші шақырылды.

– Қарулы қылмыскерге қарсы ерлік жасап, Елбасының Жарлығымен Нұрасыл жерлесіміздің мемлекеттік наградаға ие болуы – барша қызылордалық жұртшылық зор мақтаныш. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі  Нұрасыл Мүбараковқа ғана емес, барша Сыр бойының халқына қуаныш сыйлады. Сол себепті, осы өңірдің басшысы ретінде жауынгер-жерлесімізді қабылдап, алғыс білдіргенді жөн көрдік, – деген облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Ұлттық ұланның сарбазы Нұрасыл Мүбараковқа Құрмет грамотасы мен құны 1 миллион теңгені құрайтын ақшалай сертификатты тапсырды.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласында орналасқан 7552 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Жандос Баянбаев пен Нұрасыл Мүбараков жоспарлы теміржол қарауылында ауыр жарақат алғандарына қарамастан, арнайы вагоннан қарулы шабуыл жасау арқылы қашып шықпақ болған қауіпті қылмыскердің жолын кескен еді. Отан қорғаушылар күні қарсаңында аталған қос әскери қызметшінің бірі – ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, екіншісі – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталдған болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *