Ыстық су қымбат, суық су арзан

Елімізде коммуналдық қызмет ақысы жыл сайын қымбаттап барады. Мәселен, «Rankіng.kz» ақпараттық порталының хабарлауынша, еліміздегі  ыстық судың бағасы бір айда 1,6 пайызға (жылдық өсімі 9,3 пайыз) көтерілген. Бүгінде Алматыда ыстық судың бағасы текше метріне 515,7  теңгені құрайды. Бұл еліміздегі ең қымбат тариф. Ал суық судың бағасы бір айда 1,3 пайызға қымбаттаған. Ақпан айының қоры­тындысы бойынша ауызсудың бір текше метрінің бағасы – 72,3 теңге. Суық су Атырауда қымбат екен. Атырау облысы­ның тұрғындары ауызсудың бір текше метріне  – 113,5 теңге төлейтін көрінеді. Ал кәріз жүйесі қызметтерінің бағасы бір айда 1,4 пайыз және бір жылда 2,5 пайызға, осылайша 47,1 теңгеге дейін көтерілген. Бұл қызметтің ең жоғарғы бағасы Қарағандыда тіркелді. Бұл қызметтің ақысы – 96,4 теңге. «Rankіng.kz» сайты таратқан бұл ақпарат ҚР ҰЭМ СК (ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті)  берген мәліметтер негізінде жарияланған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *