ӘУЕЗОВ АУДАНЫ «СПОРТ КҮНІН» АТАП ӨТТІ

Сенбі күні алматылықтар «Спорт күнін» атап өтті. Осы орайда, Әуезов ауданы әкімі аппараты­ның ұйымдастыруымен «Сарыарқа» кинотеатры­ның алаңында аудандық  спорттық жарыс ойындары өтті. Жарыс шахмат, дартс, армреслинг түрлері бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен асық ату, арқан тарту сынды жарыстар өтті.

Аталған спорттық іс-шараға «Жас өрен», «Достық», «Шұғыла», «Жас-Арт» аула клубтары және 300-ден астам адамды қамтитын жалпы білім беру мектептері қатысты. Іс-шара барысында жарыстың жас қатысушыларына Әуезов ауданы әкімі аппаратынан салқындатылған сусындар, балмұздақ ұсынылды. Сондай-ақ, Әуезов ауданы әкімі аппараты жарыстың жас қатысушыларына және жанкүйерлеріне арнап «Москва» сауда ойын-сауық орталығында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдердің тегін көрсетілімін ұйымдастырды.

Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *