УАҚЫТТЫ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ КҮШ

Бүгiнгi Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына байланысты әңгiмемдi «Алматытелеком» ҚТО-ның спорттық жетiстiктерi мен Еңбек даңқы мұражайынан бастағанды жөн көрiп отырмын. Gйткенi, бұл ұжымда Бас директордың орынбасары – Әкiмшiлiк директор Бақыт Мұстахитовтың басшылығымен жоғалған, ұмытылған экспонаттарды iздестiру бойынша көптеген жұмыстар жүргiзiлдi. Gткен күндердiң жаңартылған бұрышын — Морзе телеграфы, 1165 үлгiсiндегi STELLA үстел телефон аппараты, ТМТ-1 телефон жабдығы, дискiсiз телефон аппараты, БАТТА-50 телефон аппараты, «ВЭФТА-60» үстел телефон аппараты, сонымен қатар спорт жетiстiктерiнiң айғағы болып саналатын медальдар мен кубоктар толықтырды.Бүгiнде Еңбек даңқы мұражайының жанынан тоқтамай өте шығу мүмкiн емес. Себебi, онда қойылған дүниелердiң барлығының құндылығы, әр қызметкердiң жанына жақындығы адамды өзiне қарай елiтпей қоймайды. Кейбiр П-194 м1 жалғастырғышы сияқты экспонаттар ашық күйiнде қойылған. Оларды көргенде өткенге амалсыз ой жүгiртесiң. Gйткенi, олар қолданылған кез артта қалған. Сондықтан да әлдебiр сезiм жүрекке қимастық ұялатады. Бiрер сәтке осыларға қарап тұрып, оның барлығының жақсы тұсын ойлап, өзiңдi жұбатуға тырысасың. Оны табасың да. Ойланып тұрып, байланысшылар ұрпағын байланыстырушы күштiң бастауы – «Алматытелеком» ҚТО-ның Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған Еңбек даңқы мұражайынан басталатындығына көзiң жетедi. Бұл – ешқашан таусылмайтын, жоғалмайтын күшө Бiздiң бүгiнгi қызметiмiз бен сүйiктi iсiмiзде қайнап жатқан алға бастаушы күшө

Жаңашылдыққа бастаушы Шерхан Раздықов сияқты жетекшiнiң басшылығымен «Алматытелеком» ҚТО-ның көпұлтты ұжымы соңғы 5 жыл iшiнде жоспарлы көрсеткiштердi асыра орындап, қызметтерiнiң өрiсiн кеңейтiп келедi. Осы аралықта еңбекақысының орташа көрсеткiшi өсiп, қызметкерлердi ынталандыру жүйесi қызмет етiп келедi. Әрбiр қызметкердiң абоненттердi қызметтерге тарта отырып, қосымша сыйақы алуға толық мүмкiндiгi бар.

Әрине, бiр мақаланың iшiнде «Алматытелеком» ҚТО-ның атқарып жатқан қиын да қызықты бүкiл жұмысын айтып шығу мүмкiн емес. Дегенмен, өткеннiң бәрi сағыныш екенi рас. Мысалы, бiрде «Қазақтелеком» АҚ пайдалану жөнiндегi департамент директоры Людмила Гудилина бiздiң кәсiпорынға келiп, «Кезiнде дәл осы алаңда атақты Марлен Бабажанов әрiптестерiмен бiрге футбол ойнап, оны қолдауға барлығы алаңға шығатын», – деп, сағына еске алған болатын. Бұл 20 жыл бұрын болған оқиға едi. Дегенмен де, 2006 жылдың тамыз айында «Алматытелеком» ҚТО-ға басшылық жұмысқа Шерхан Раздықов пен Тимур Айтбенов келгеннен бастап, ұжымның спорттық өмiрiнде елеулi өзгерiстер орын алды. Нәтижесiнде, қазiр жаңа кәсiпорынның белгiсi салынған әдемi спорттық киiм киiнген, жас кәсiпорынның қызметкерлерiнен құралған футбол командасы республика көлемiнде танымал болып үлгердi. Жаңа басшылық жаңа команда құра отырып, оны ерекше жаттықтырып, жаңа деңгейдегi жарыстарға қатыстыруға үлкен көңiл бөлiп келедi. Және мұнымен ғана шектелiп қалған емес. Бiздiң кәсiпорында бильярд, үстел теннисi, қазақша күрес бойынша өткiзiлген спорттық жарыстар жайында көптеп айтуға болады.

Бұл — бiздiң өмiрiмiз, бiздiң жетiстiктерiмiз. Бiздiң мақтаныштарымыз баршылық. Соның бiрi – Қазақстан, Ресей, Украина, Польша байланыс кәсiпорындарының керемет спортсүйгiш басшыларын дайындап шығарған байланысшылар эстафетасы өмiр сүрiп келедi және ол өз өмiрiн тоқтатпақ емес.

Қысқасы, «20 жыл бейбiтшiлiк пен ынтымақтастықтаө» деген ұранмен алға басып келе жатқан «Алматытелеком» ҚТО өзiнiң барлық жеңiстерiн келе жатқан мерейлi күнге арнайды.

Алмас РЫСБАЕВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *