ТЫҢДА, БАЛАМ, ЕРТЕГІ, ЕРТЕГІ СЫР ШЕРТЕДІ

Ертегіні жақсы көріп, тыңдамайтын бала кемде-кем шығар. Оның үстіне ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше екендігін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп те қойған. Жалпы, ертегіні ұрпақ тәрбиесінде қолданып, оның тәрбиелік мәнінің зор екендігін біз тым тереңнен, халық ауыз әдебиетінен бастау алғанын білеміз. Қандай да бір қазақтың халық ертегісін тыңдай қалсаңыз, сізді көзге көрінбейтін ұстаз жетелеп отырады. Жақсыны үйреніп, қабылдауға, жаманнан жиреніп аулақ болуға шақырады. Қателік жасауға жол бермейді.

Бүгінгі таңда бұл әдіс ертегі терапиясы деген атауға ие болып отыр. Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, ертегінің емдік қасиеті басым екендігі байқалады. Яғни емдік мақсаттағы тера­пия. Бұл басқа да кез-келген психотера­пиялар сияқты жан дүниені тану және емдеудің түріне жатады. Түрксіб ауданын­дағы Шаризат Орманбаева басшылық етіп отырған №149 бөбекжай-балабақша 2015-2016 оқу жылынан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Алматы қаласы Педа­гогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен келісім-меморан­думына қол қойып, ертегі терапиясы бойын­ша тірек балабақшасы ретінде тәжірибе орталығына айналған еді.

Балабақша меңгерушісі Шәкизат Бегәділқызының айтуынша алғашында ұжым тәрбиешілері мұндай бағытта жұмыс істеуге батылдары бармай, сенімсіздік танытқан екен. Дегенмен, ертегі терапия­сын қолдан­ған соң алғашқы сабақ өз нәтижесін беріп, тәрбиешілер ғана емес, бүлдіршіндердің де көздері жайнап сала береді. Негізінен ертегі терапиясы да, арт терапия, құм, тас, асық терапиялары бізге дейін қолданылған. Нәтижелері де жоқ емес. Педагогтардың қиялы ұшқыр, шығармашылық адамдар болғандықтан проблемалық мәселелерді шешетін ертегі кейіпкерлері ретінде ойнап, ертегі тера­пияның негізгі әдіс-тәсілдерімен танысып, терапиялық техно­логияны меңгеру мақса­тында біздің бала­бақшаның 8 педагогі «Өрлеу» институ­тының мамандарының бақылауымен толыққанды жұмыстар жасады, – дейді.

Кезінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – деген екен. Фольклордың негізгі жанрла­рының бірі болып табылатын ертегі көркемдігімен ғана емес, тәрбиелік мәні­мен, көркем-эстетикалық, әдеби қазына екендігімен де құнды. Жалпы, балабақшада жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың барлығына тәрбиешілер мен ата-аналар бірігіп, өз қолдарымен жасаған түрлі шымыл­­дық, қалқа, әр түрлі бетперделер, қағаздан, матадан тоқылған кейіпкерлердің бетперделері, қуыршақ, көлеңке театрлары, магнитті, фланелеграф, саусақ театрының кейіпкерлерінің көрмесін ұйымдастырып отыратынын мысал етіп айтып өтуге болады.

№149 бөбекжай-балабақшаның «Шаға­ла», «Балдырған», «Балапан», «Күншуақ», «Ботақан» топтары халықтың «Арыстан мен түлкі», «Ешкі мен түлкі», «Екі дос», «Ақ қайың» сынды ертегілерін күнделікті оқу-қызметіне қолданып, жас ұрпақ ата-баба­мыздан қонған мәдени мұра халық әде­биетінің ән бойындағы мәнді де маңызды, ойлы да орамды тәрбиелік өнегесінен нәр алып, тәрбиелі болып өсіп келеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close