Цифрлық педагог-2020

Қашықтан оқытуға көшу және нәтижелі онлайн-оқытуды ұйымдастырудың цифрлық құралдарын игеру қажеттілігіне байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тестілеу орталығы «Цифрлық мұғалім — 2020» жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырды. Тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаеваның жетекшілігімен «Білім берудің цифрлық трансформациясы» курсының үздік түлектері арасынан тәлімгерлер тобы құрылды.

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушылары жазғы онлайн-мектепке белсенді қатысты. Курсқа қатысушылар цифрлық құралдармен (DownSub, Advego, Dandelion, Алот, CoreApp, Zoom, GoogleMeet, OBS-Studio, Edpazzle, QuizLET, Quizzz, Kahoot, Socrative) жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, үйренді: түрлі платформаларда бейне-дәрістер жасауды; мультимедиа элементтерін пайдалана отырып, түрлі серверлерде сабақ өткізуді; цифрлық іздерді қадағалауды; виртуалды зертханаларда эксперименттер жүргізуді; тестілер жасауды және цифрлық платформалар мен рефлексия жүргізуді; цифрлық платформаларды қолдану; мәліметтерді талдау және рубрика торларды қалыптастыру және т. б.

2020 жылы 23 шілдеде жобалау жұмыстары қорғалды. Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы оқытушылары келесі топтарда жұмыс істеді: 7 топ — «Студенттік цифрлық НИР-club», тәлімгер Ұлдахан Шыңғыс (Балғазина Бакитгүл, Шмакова Елена, Көшербаев Ринад);

8 топ — «Педагогикалық хакатон», тәлімгер Киселева Елена (Бегалиева Сәуле, Нурахунова Гунчам, Ержанова Феруза); 11 топ — «ЭЦП регламенті», тәлімгер Акаев Тимур (Мамытбекова Ляйля).

Іс-шара барысында ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директоры Хайрулла Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байділдина барлық жобалардың жоғары деңгейі мен практикаға бағдарлануын атап өтті.

Курстардың тиімді ұйымдастырылуының, жоғары біліктіліктің, тәлімгерлердің мәдениеті мен қамқорлығының, қатысушылардың корпоративті рухының арқасында кафедра оқытушылары бағдарламаны сәтті игеріп, жаңа оқу жылында шетелдік студенттерді оқытуда цифрлық технологияларды қолдануға бағытталды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *