Цифрлы қоғамдағы заманауи университет

Қазіргі заманғы әлем дамуының шынайылығы, қоғам өмірінің барлық салаларын цифрландыру білім беру саласына, әсіресе жоғары оқу орындарына диджиталдауды енгізудің алғышарттарына айналды. Мемлекеттің толық диджитализациясы білім беру жүйесін жаңғырту қажеттілігін куәландырады. Цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі оқу процесін жабдықтаудағы жаңалықтарды ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттарын жаңғыртуды да қозғайды.
Бүгінде цифрлық технологиялар – бұл заманауи жоғары оқу орнын жан-жақты дамытуға арналған бірегей механизм екенін айта аламыз. Тәжірибе мен біліммен тез алмасу, онлайн-оқытуды бейімдеу, цифрлық кітапханалар мен цифрлық кампустарды дамыту үшін мүмкіндік жасалған, бұрын сарапшылар мен ғалымдардың тар шеңберіне ғана қол жетімді болатын бірегей ақпарат алатын субъектілер шеңбері кеңеюде.
Осы орайда, менің университетім- әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де цифрландырудан тыс қалмақ емес. Университеттің алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ҚазҰУ өзінің «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» заманауи зерттеу университетіне айналу бағдарламасын жүзеге асыруда.
Университет E-Campus жобасы негізінде технологияландырылған. Оқу ордасында Smart university, Big Data сынды бағдарламалар қолданылады. Студенттер мен оқытушылар үшін ең қажетті ресурс ол Univer жүйесі болып табылады. Ол бірыңғайландырылған жүйе арқылы студенттер қабылданған сәттен бастап, оқу үрдісі, оқу үлгерімі, бағалау және қатысу, сондай-ақ ағымдық аттестациялау нәтижелері мен қорытынды есептер жүргізілледі. Бұл процесс өз кезегінде, университеттің студент үшін ашық және айқындылығын білдіреді.
Цифрлық үрдістің арқасында біз ғылыми әлемнің жаһандануы және академиялық ұтқырлықтың белсенді дамуы туралы сеніммен айта аламыз. Әрине, бұрын-соңды болмаған жаңғырту жағдайында қазіргі заманғы университет өзінің бірегей қасиеттері мен бәсекелестік артықшылықтарын сақтау үшін бейімделуге, өзінің даму стратегиясын, сараптамалық әзірлемелердің бағыттарын және дамудың ғылыми-зерттеу моделін сауатты құруға міндетті.
Елімізде қабылданған төтенше жағдай — университеттің цифрландырылған нәтижесі мен қашықтықтан оқыту деңгейін айқындауға мүмкіндік берді. Қолданыстағы «Univer» жүйесі арқылы және «Zoom», «Microsoft team», «Google meet» платформалары арқылы қашықтықтан оқыту жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті құрастырған «moocs.kz» платформасы да танымалдылыққа ие. Бұл цифрлық білім беру ресурсы арқылы, басқа да университеттер білім беру мүмкіндігіне ие. Бүгінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің білімді студенттері мен оқытушылары қышақтықтан оқыту технологиясы мен үрдісін тез меңгеріп, оқу процесін жалғастыруда.
Қазақстанның әлемде заманауи мемлекет ретінде дамуы үшін медицинада, экономикада, өндірісте цифрландыруды дамытуға ерекше назар аудару қажет. Инновациялық қызмет үшін кәсіпқойлықтың тиісті деңгейіндегі жаңа түлектер, сондай-ақ тәжірибелері бар, білімі бар мамандар қажет. Әрбір ЖОО үшін цифрландыру саласындағы бейінді құзыреттер бойынша мамандарды (ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларын қоса алғанда) даярлауды, қайта даярлауды және оқытуды жүзеге асыру аса маңызды болуы тиіс.

Смагулова Г.С.
«Менеджмент» кафедрасының доценті, э.ғ.к.
Әубәкірова А.Н.
«Менеджмент» кафедрасының 4-курс студенті

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *