«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы тиімділікке жол ашып отыр

 

 

Кеше Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алдында есептік кездесуін өткізді. Жиынға Астана қаласының тұрғындары, сарапшылар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Дәурен Абаев ведомствоның бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Баяндамадан соң министр жиынға келген, сондай-ақ видеоконференция арқылы еліміздің өзге де аймақтарынан қатысқан азаматтардың сауалдары мен министрліктің ресми сайтына келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Биыл министрлік кезең-кезеңімен ел көлеміндегі жұртшылықты цифрлық телерадио хабарларын таратуға қоса бастайды. 2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Ал өзге аймақтарды цифрлық хабар таратумен қамтамасыз ету 2020 жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, «Ақпаратқа қолжетімділік» Заңын жүзеге асыру аясында «Ашық үкімет» жобасы жүзеге асырылуда. Осы арқылы кез-келген азамат мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілеріне блог-платформалар арқылы сұрақтарын қойып, «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияларға қатыса алады. Бұл құрал халық пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Өткен жылы қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі – елдегі Интернет-инфра­құрылымын дамыту болатын. Қазіргі уақытта еліміздегі 13 мил­лионнан астам адам жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізді. Халық саны 10 мың адамнан тұратын елді-мекендер 3G байланысымен, 50 мыңнан астам тұрғыны бар мекендер 4G стандартымен қамтылған. Өткен жылы еліміздің барлық аудан орталықтары Интернет желісінің төртінші буынымен қамтылды.

Министрліктің бұдан кейінгі міндеті кеңжолақты Интернетті ауылдық елді-мекендерге жеткізу болып табылады, ол үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына сәйкес тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Жоба аясында 2021 жылға дейін жоғары жылдамдықтағы Интернетпен жалпы саны 2 миллионнан астам тұрғыны бар 1249 ауылдық елді-мекен қамтылатын болады.

Бағдарлама аясында іске қосылған жобалардың ішінде Дәурен Абаев «Электрондық еңбек биржасы» және электронды коммерцияны дамыту үшін құқықтық жағдай жасалғаны туралы айтты. Халыққа электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында Ақпарат және байланыс министрлігі жүйелі жұмыс атқаруда. Соның арқасында, бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталы 235 қызметті алуға мүмкіндік береді, e-Lіcense.kz электрондық лицензиялау порталы 399 автоматтандырылған қызмет түрін көрсетеді. 2017 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 34 миллионнан астам қызмет көрсетілді. «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 1 миллионға жуық лицензиялар мен рұқсаттар берілді. E-gov.kz порталы арқылы 2012 жылдан бастап 135 мыңнан астам компания ашылды.

Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы барлық мемлекеттік қызметтің 83 пайызын (621 қызмет) көрсетеді. Өткен жылы ол 38 миллион қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың басынан бері 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *