«ЦЕЛИННЫЙ» КИНОТЕАТРЫ ҚАЙТА КИНО КӨРСЕТЕ БАСТАЙДЫ

Сонау 1964 жылы ашылып, соңғы кезде түрлі жағдай­ларды басынан кешірген «Це­линный» кинотеатры Қала күні қарсаңында қайта кино­лар көрсетуді бастайтын бо­ла­ды.

Құттыбек АЙМАХАН

Қазіргі таңда ежелгі кинотеатр ғимаратында алдағы мерекеге қатысты дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйткені, екі ай бойы мұнда әбден түрлі мәдени бағдарламалар өтетін болады. Соның бірі, бұл уақытта кинотеатр экрандарында көрерменге «Garage Screen Festіval» кинофести­валінің бағдарламаларын ұсыну жоспар­ланған. Ал бұл заманауи мәдениетті кең тарату мақсатындағы «Гараж» мұра­жайының жаңа жобасы саналады. Онда өтетін фестиваль – «Кино өнері» және «Кеңістік пен уақыт арасындағы кино» деген екі бөлікке тұрады.

Сондай-ақ, орталық әкімшілігінің айтуынша, кинотеатрда кинодан басқа «Қазақфильм» киностудиясы ұсынатын бұрынғы Алматының сәулеті жайындағы мұрағаттық бейнематериалдар көрсетіле­тін болады. Сосын мұнда АҚШ, Ресей және Еуропа елдерінен келген спикер­лер қатысқан лекциялар, көпшілік жиындар мен пікісайыстар өтеді деп жоспарланып отыр.

Қорыта айтқанда, осылай кинотеатр екі айдай жұмыс істеген соң қараша айынан бастап күрделі жөндеуге жабы­лады. Ал «Целинныйдың» күрделі жөн­делуі бір жарым жылдан кейін аяқталып, кең ауқымды көрсетілімі 2020 жылы басталатыны көзделген екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *