Тіркеу уақыты шектеулі

Жылжымайтын мүлікке құқық тіркеу міндетті  рәсімдердің бірі болып табылады. Арнайы органдарда тіркелмеген құжаттың заңдық күші болмайды. Сондықтан мүлікті тіркеуді жедел жүзеге асырған дұрыс. Мүлікке қатысты даудың көбі осы құжаттандыру ісіндегі шалағайлықтан, жайбасарлықтан туындайтындықтан заңда тіркеуді кешіктіргендерге  шара қарастырылғанын да ұмытпағанымыз жөн.

Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылданып, мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп келеді. Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу қызметі Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді болып отыр. Енді жылжымайтын мүлікке құқық белгі­леуші құжатты рәсімдегеннен кейін нотариус бірден сол жерде құқықтарды тіркеуге өтінім бере алады. Ол үшін нотариус өтініш беруші туралы мәліметтердің нысанын толтырып, тіркеу органы — «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясына жөнелтеді, өтінішті қабылдау туралы және төлемнің сомасы туралы хабар­ла­маны алады. Нотариус бірегей номермен хабар­ламаны басып шығарған соң өтініш берушіге береді, одан кейін тұтынушы электрондық үкімет порталында төлемді жүргізу немесе өткізу қажет. Жылжымайтын мүлік құқы­ғын электрондық тіркеу әкімшілік кедергілерді жоюға, азаматтар үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған. Осындай жеңілдіктердің жасалғанына қарамастан, бізде әлі күнге дейін мүлкін дер кезінде тіркемейтіндер баршылық. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңның 9-ба­бына сәйкес, құқық пайда болуының негізі болып табылатын заңгерлік фактісі түс­кен сәттен бастап азаматтар 6 айдан кешіктірмей, мем­лекеттік тіркеу туралы өтінішпен құзырлы орын­дарға жүгінуі тиіс. Осы мерзім ішінде өзінің жылжы­майтын мүлікке құқық­тарын тіркемеген және тіркеу мерзімін өткізіп алған азаматтар өз өтінішінде кешіктіру себептерін көрсетуге құқылы.

Уақытты себепсіз өткізіп алғандарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске сәйкес жауапкер­шілік белгіленген. Жылжы­майтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республика­сы­ның Заңында  белгіленген мерзімді бұзу жеке тұлғаларға – 10 айлық есептік көр­сеткіш көлемінде, заңды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөл­шерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын есте ұстауымыз керек.

 

Н.Торланбаева,

 Әділет департаментінің бас маманы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *