Тегін футбол секциясы жұмыс істеуде

Әсел ДАҒЖАН

Медеу ауданы қазан айында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін ерекше сый жасады. Яғни аталған әлеуметтік топқа енетін балаларға арнап ауданда екі «Медеу» атты футбол секциялары ашылып, жұмыс істей бастады. Соның негізінде 50 бала ақысыз футбол секциясына баратын болды. Ата-аналардың сұранысы бойынша жыл соңына дейін тағы да 30 балаға арналған үшінші футбол секциясын ұйымдастыру жоспарлануда.

Неліктен дәл футбол десеңіздер, ол ең танымал және командалық спорт түрі. Футболмен айналыса жүріп балалар әлеуметтік дағдыларын дамытып, тәртіпке, жауапкершілік пен өзгеге қолұшын созуды үйренеді, бұлшық еттерін жаттықтырып қана қоймай, дәл осы спорт түрі оларға түрлі позитивті эмоция сыйлайтынын көреді дейді шараны ұйымдастырушылар.
– Футбол секциясының негізгі мақсаты – балаларды спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың арасынан жас таланттарды шығарып, салауатты өмір салты ұстанымын күнделікті өмір сүру салтына енгізу. Футбол алаңында балалар лидерлік қабілетін шыңдайды. Ол қабілет спортта ғана емес, өмірде де өте керек, – деді Медеу ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев.
Айтуынша клубқа 6 мен 16 жас аралығындағы балалар қабылдануда. Футбол аптасына үш рет болады. Қазір ауданда екі спорт стадионы және елу футбол алаңы жұмыс істеп тұр.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта аудандық әкімдік бастамасымен ашық аспан астындағы тегін фитнес клуб, баскетбол және волейбол спортынан қосымша ақысыз үйірмелер, домбыра үйірмесі, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауға арналған жастар шеберханасы, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы, сондай-ақ жаңа заманауи кітапхана сынды жаңадан әлеуметтік нысандарды қолданысқа беру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізуде.
Айта кетейік, Медеу ауданы қаладағы халыққа қолжетімді қосымша білім беру жүйесі озық аудандардың бірі саналады.
Алматы қаласының ең ірі қосымша білім беру нысаны – Оқушылар сарайы да осы Медеу ауданында орналасқан.
Аудандағы жауапты мамандардың айтуынша балаларға арналған қолжетімді үйірмелер аудандық 6 кітапханалар желісінде де жүйелі жолға қойылған. Сондай-ақ 28 жалпы білім беру мектептерінің жанынан тегін үйірмелер ұйымдастырылған. Ал аудандық №5 оқушылар үйі аудан балаларының шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік білім беру мекемесі саналады.
Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда аудан көлемінде 5257 баланы қамтыған 259 тегін шығармашылық үйірме жұмыс істейді және 83 тегін спорт секцияларында 4694 мектеп жасындағы жастар спортпен шұғылдануға мүмкіндік алған. Оған қоса, аудан көлемінде жалпы халыққа қолжетімді 39 «Work out» алаңдары, 35 футбол алаңы және 48 баскетбол алаңдары халыққа қызмет көрсетуде.
Бір ескеретіні, мектеп оқушыларының игілігі үшін атқарылып жатқан жоғарыда аталған жұмыстардың бәрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың аясында және Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қолжетімді әлеуметтік нысандардың желісін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша орындалуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close