ТЕГІН ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Мұнда көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға киім-кешек, аяқ киім мен ойыншық, гигиеналық заттар тегін таратылады. Әлеуметтік дүкенде 1 айлық сәбиден бастап қарттарға дейін киім бар. Сондай-ақ, аяқ киім, ойыншық және гигиеналық заттарды да табуға болады. Ал тауарларды алуға қаланың көмекке мұқтаж кез-келген азаматының мүмкіндігі бар.

– Мұндай дүкенді қайырымды адамдардың көмегінсіз ашу мүмкін емес еді. Күн сайын қала тұрғындары киімдерін, жалпы, қолда бар дүниелерін әкелуде. Сондай-ақ,  киім жинау, оны іріктеп, жақсыларын мұқтаж жандарға таратып беру секілді жұмыстар атқарылуда. Ал мұқтаж жандар келіп, бұл жерден өзіне қажеттісін алып кетуде, – дейді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав Вавилин.

Сонымен қатар, аталған әлеуметтік дүкеннің ашылуына аудан әкімдігімен қатар кәсіпкерлер, зейнеткерлер мен еріктілер де атсалысқан. Бөлінген орынды жөнге келтіруге бар болғаны 1 апта уақыт кетіпті. Кейін мейірімді жандардан жиналған киімдер тазалаудан өтіп, үтіктелген екен. Сондай-ақ, бұл әлеуметтік дүкенге іске жарамды заттарды көмек ретінде өткізуге болады.

Бүгінде Жетісу ауданында 1 мыңнан астам көпбалалы аналар тұрады.

Тауарларды тегін тарататын дүкен «Айнабұлақ-3» ықшамауданы №103 А үйде орналасқан.

Жұмыс уақыты: күн сайын таңғы 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін. Демалыссыз әрі үзіліссіз. 

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *