Тарихи шындық пен көркемдік шешім

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Тарихи шындық және көркемдік шешім» атты  кең ауқымды тақырыпта «дөңгелек үстел» болып өтті. Әдеби шараны институттың бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Нұрдәулет Ақыш жүргізді. Тарихта болған оқиғалар мен белгілі тұлғаларды көркем әдебиетте өз  деңгейінде бейнелеп жеткізу мәселесі қай кезде де өзекті болып келген. Жекелеген авторлардың өмір шындығын суреттеу барысында ішінара бұрмалауға, тақырыпқа орай айтылуға тиісті жағдаяттарды өзгертулерге жол беруі жайында оқырмандар тарапынан үнемі айтыла бермесе де, зерттеуші ғалымдардың назарына ілігіп қалатыны рас. Осы орайда «Тарихи шындықты көркемдік-идеялық мақсатқа орай өзгерткен дұрыс па, әлде сол қалпында жеткізген жөн  бе? Жалпы, тарихи тақырыпқа арналған көркем туындыны жазудың ерекшелігі неде?» деген сауалдардың туындауы қисынды заңдылық.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

Әдебиеттанушы ғалымдардың бұл туралы пікірі негізінде екіге бөлінеді. Олардың бір тобы тарихи шындықты сол қалпында жеткізу керектігі жөнінде уәж айтса, енді бір тобы тарихи шындық пен көркем шындықтың, көркем шығармада прототив болатын тарихи тұлға мен көркем қаһарманның бірдей болуы шарт емес екендігін көлденең тартады. Осы тұрғыдан алып  қарағанда еліміз тәуел­сіздік алғаннан бергі уақытта жазылып келе жатқан көптеген тарихи туынды­лардың мұндай сұрақтарға қаншалықты деңгейде жауап беріп келе жатқаны туралы әдеби ортада көптен бері арнайы әңгіменің өзегіне айнала қоймаған болатын. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицис­тика бөлімінің бұл мәселеге назар аударып, «Тарихи шындық және көркем­дік шешім» атты «дөңгелек үстел» өткізіп отырғаны да содан болса керек. «Дөңге­лек үстелде» көптен бері тарихи тақырып­қа қалам тербеп жүрген көрнекті жазу­шылар Жанат Ахмади «Менің стилім – жалаң деректерді қуалау емес», Ұзақбай Доспанбетов «Алдымен арқа сүйейтінім – тарихи деректер», Данияр Әлбозым «Шыңғыс қаһан» романы қалай жазыл­ды?» тақырыбында ой қозғап, зерттеу мақалалар жазып жүрген ғалымдар Әнуар Тарақ «Қазақ тарихи романдарындағы Абылайхан бейне­сінің жазылуы», Ж.Әубәкір «Кәмен Оразалин шығарма­ларында тарихи шындықтың кестеленуі», Ермек Ханыкей «Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдары туралы», сондай-ақ, ғалымдар Жандос Әубәкір, Гүлжаһан Орда,  Ахмет Тоқтабай, Альмира Қалиева­ белгілі әдебиеттанушылармен бірге өздерінің пікірлерін ортаға салды. «Дөң­гелек үстел» барысында заманауи әдеби үдерістер негізінде түрлі ойлар айтылып, тиісті деңгейде пікір алысулар болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *