Тағамды дұрыс таңдаңыз

Осы мақсатта Ала­тау аудандық қоғам­дық денсау­лық сақтау бас­қармасының және Алматы қала­лық «Ұлт­тық сарап­тама орталы­ғының» маман­дарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» тақырыбында «Қазына» сауда базарында акция өткізілді.

Бұл күні әр тұтыну­шы­лар сатып алған өнімдерге зерт­хана­лық жедел әдістер бойын­ша, яғни  жемістер мен көк­өністердің құра­мын­дағы нит­раттарды,  дайын тағам өнім­дерінің термиялық өнде­луінің сапа­сын, тағамның бакте­риялық лас­тану дәрежесін, сүттің қышқыл­дығын анықтау және т.б. тағам өнімдеріне сараптама тегін жаса­лынды.

«Қазына» сауда базарында тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақ­тану бойынша түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді, дәріс оқылды. Қатысушыларға ескертпелер мен парақшалар таратылды. 25 адамға тұтынушы ретінде тағам өнімдерін қай жерден сатып алатындығы туралы сауалнама жүргізілді, сауалнама нәтижесі бойынша тағам өнімдерін базардан сатып алатындардың үлесі – 46%, үй маңындағы дүкеннен – 26%, супер­маркеттен – 28% құрады. Сонымен қатар, акция барысында тағам өнімдерін сатып алу кезінде сақталу мерзіміне, құрамына, тағамдық және биологиялық құндылығына, сақталу, тасымал­дану жағдайларына, таңбала­нуына назар аудару сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген сауалнама бойынша тұтынушылардың 72% отандық өнімдерді сатып алатын болса, азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде, тұтынушылардың 90% – сақталу мерзіміне, 70% – өнім­нің сырт келбетіне, 85% – құрамына, 60% – тағамдық және биологиялық құндылығына, 50% – таңбалануына көңіл бөлетіндігі анықталды.

Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды сатып алудан өздерін қорғауға, қауіпсіз тағамды таңдай білуге және оған қойылатын талаптар бойынша, белгісіз орындарда сауда жаса­мауға, ретсіз сауда орындарына жол бермеумен қатар, дұрыс және қауіпсіз тамақтану принциптерін ұстау, салауатты өмір сүруге, тағамнан туындайтын аурулардан алдын алуға бағытталды.

Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талап­тар: яғни сатып алған тағам өнім­де­рінің арнайы жабдықталған сауда орындарында, тоңазытқыш­тарда, арнайы сөрелерде сақта­луы, шикі және дайын тағам өнім­дерінің сақталуында бір-бірінен бөлек, тауарлық көршілес­тіктің сақталуына көңіл бөлгеніңіз маңызды. Бұл көше бойындағы жа­байы сауда орындарынан   сатып алынған тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талап­тарға сәйкес еместігін, жіті ішек инфекциясы мен тағамнан улану­дың қауіпті­лігін тудыратын басты себептердің бірі болып табылады. Сондықтан азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде тағам өнімдерінің қауіп­сіздігі мен сапасын бағалайтын талаптарға мән берген жөн.

 

В.СЕЙДУАЛИЕВ,

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

А.ТОҚТЫБАЕВА,

Санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *