Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА президенті:
– Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент туралы объективті түрде және осындай құрметпен жазғаны Қазақстанда биліктің сабақтастығы шын мәнінде бар екенін көрсетеді. Елбасы билікті, расымен, лайықты, білімді, шыншыл және жоғары дәрежеде білімді адамның қолына тапсыра білді. Егер біздің тарихымызға қайта үңілетін болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін өте көп нәрсе жасады.
Ол сөз сөйлегенде өте батыл нәрселер айта білді. Михаил Горбачевтің қатысуымен өткен бір жиында Н.Әбішұлы «Бұдан былай Қазақстан ешкімге кіші аға болмайды. Жаңа одаққа Қазақстан тек тең құқылы жағдайда ғана бірігуі мүмкін» деген еді. Балтық жағалауы, Грузия, Молдованы меңзей отырып, егер біреу одаққа кіргісі келмесе, оны күшпен сүйреуге болмайтынын мәлімдеді. Бұл – олардың құқығы және бұл шешімді халықтың шешетінін айтқан болатын. Мұндай мәлімдемені бір кездері Елбасы жасады.
Біз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкенде де оңай болмаған еді. Шығынсыз өтуге болмайты. Өйткені өмір салты өзгерді. Осы уақытта Нұрсұлтан Назарбаев ескі зауыттарды қалпына келтіріп, мұнай мен газ өндіруді ретке келтірді, металлургиялық зауыттарды іске қосты. Осылайша Қазақстанда экономикалық көрсеткіштер көтеріле бастады.
Әрине, бүгін біздің елімізде барлық проблемалар шешілді деп айтуға болмайды. Бұл олай емес. Мысалы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатып, миллиардтаған қылмыскерлерді шетелден қайтару қажет. Айта берсе, мәселе көп.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *