Түрмеде орын жоқ

Қырғыздағы жемқор­лық­пен күрес мұндай нәтиже береді деп ешкім ойлаған жоқ.

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің тергеу изоля­торы­на жемқорлықпен ұсталған жо­ғары лауазымды шенеунік­терді қамауға орын жетпей жатыр. Тергеу изоляторы ау­зы-мұрнынан шығып лықа толған. Жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы С.Исмаи­лов бірқатар шенеуніктерді басқа жерде ұстау үшін соттың көмегіне жүгінген.

 

Су соғысы

Израильде бұл соғысты үлкендер де, балалар да асыға күтеді екен. Ол – су соғысы.

Шілде айының алғашқы жұмасында Тель-Авив тұр­ғындары сағат тура 15.15-те Рабинсквер субұрқағында бұл шайқасты бастап кетеді. Шілде мен тамызда күн қатты ысиды. Судың жетіспеушілігіне байланысты Израиль мэриясы тек субұрқақтағы су қорын ғана пайдалануға рұқсат беретін көрінеді.

 

Құрдымға кеткен КСРО-ның пайдасы тиді

Ресей, АҚШ, Австрия, Бельгия, Германия ғалым­дары КСРО-ның құлауының Жер атмо­сфе­расы үшін пайдаға шешіл­генін дәлелдеді.

Кеңес империясының құлауымен мал шаруашылығы саласында құлдырау басталды. Бұның өз кезегінде ауаға аса жағымсыз иістердің (парникалық газ), қоқыстардың азаюына көп көмегі тиді. Сондай-ақ, мүйізді ірі қара саны азайды. Қысқасы, 1992 мен 2011 жылдар аралығында ауаға шығарылатын зиянды қоқыстар 8 млрд. тоннаға азайған.

 

Аты шулы фестивальден қалай құтылды?

Саксония (Германия) тұрғындары жергілікті шағын маркеттегі барлық сыраны сатып алды. Өйткені, олар жыл сайын өтіп мезі қылған, түк тәрбиелік мәні жоқ «Қалқан мен қылыш» атты нәсілшілдікті уағыздайтын заты біртүрлі рок-фестивальді өткізбеу үшін осындай қадамға барған.

Сыраға тойып алып өгіздей өкірген немелермен бұл күрес оң нәтижесін берді. Тұрғындар сатып алған 120 жәшік сыраны әр үйге таратып берді. Олар осылайша экстремизмге қарсы әлемдік күресті бейбіт түрде қолдау жолын таңдады. Жергілікті билік те бұл бастаманы ризашылықпен қолдады.

Қ.ҚҰРАЛБАЙ.      

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *