ТҮРКІ ӘЛЕМІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ДЕРЕКТЕР ӨТЕ КӨП

Роза ҚАШАБАЕВА,  Қазақ қатынас жолдары университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры: 

Бүгінгі бүкіл Әлем үшін, Еуразия үшін, оңың тең ортасында өмір сүріп ұрпақ өсірген бізге, яғни Қазақ халқына керемет жақсылық жетті!  Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласының жариялануы.
Біздің Еуразиядағы мәдениеттің айнытпас дәлелі Алтай өңірінің орны да ерекше. Осы дәуірдің бірінші мыңжылдығында Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы Дала төсінде жаңа кезең басталды. Осыдан былай Азияның шығысынан, Еуропаның батысы арасында, бүгінгі бізге мәлім «Ұлы Жібек жолы» өз тарих ізіне, көп жаңалық пен жақсылық әкелді. Тіпті кәдімгі жеміс, өзіміздің – АЛМА да бізден тараған. Оның негізі – Сиверс! Кіндік ортасы нағыз Алатау бөктері, осы – Алматы! Ал, біздің Іле-Шу алқабында керемет те, өте көркем қызғалдақтар өскен. Сол маржанның атасы – Регелия екен. Бүгін олардың 3000 түрі күллі әлемге таратылды. Бұндай құнарлы жер-топырақ, адамзаттың асыл ұлын туғызары айдай анық.

Түркі әлемімен байланысты деректер өте көп, көне Отырар қаласының мәдениетімен де тығыз байланысты. Темір балқыту, оқу-білім оқыту, мәдени, ән-би мен тіл сөздің дамуы осы қаладан басталғаны рас. Біздің мақсатымыз соның бәрін әлемге ашу, ауыз әдебиетінен жазба тарих жинай құрастыру, жәдігерлі музей ашып, туризм саласына үлкен үлес қосу.
Қорыта айтқанда: «Осы жобалардың бәрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырылсын! – деді Елбасы. Жоғарыда айтылғанның бәрін  ұжым бойынша  талдап, әрбір студентке жеткіземіз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *