ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАРҚЫН ІСТЕР БАР

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын.

Міне, арада бір ай өтіп, Елбасы Жарлы­ғымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Елбасымыз Астанада өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты шараға қатысып, Үкіметке осы жылы жас отбасылар мен жас мамандарды қолдауға қатысты бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Мемлекет басшысы жастардың баспанаға қолжетімділігін ескеріп, «еліміздің ірі қала­ларында жылына 1 мыңнан кем емес пәтер салынсын», – деп тапсырды.

Президент «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасына «Жас кәсіпкер» бағдар­ламасын әзірлеуді тапсырды. Осы тұрғыда Елбасымыз жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаражат көлемін екі есеге арттыруды жүктеді.

Елімізде «Дипломмен ауылға» атты бағ­дарлама бар. Елбасы бұл бағдарламаны да ескере отырып, мамандықтар тізімін ке­ңейтуді ұсынды. Жастардың көшіп барғаны үшін төленетін жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру керектігін айтып өтті.

Бұдан бөлек, Елбасымыз волонтерлік­пен айналысатын жоғары оқу орында­ры студенттерінің шәкіртақысын 30%-ға арттыруды тапсырды. Бұл жастар үшін қуанышты шара. Елбасы бұл тапсырма­лар­мен шектелген жоқ. Жастарды барлық жағы­нан қамтамасыз етуді де тапсырды. Жұмыс, баспана, шет елде оқу, жас маман­дар, қаржыландыру барлығы іске асыры­луын қатаң тапсырды.

Жастар жылына орай еліміздегі оқу орындары түрлі шаралар қабылдауда. Соның ішінде біздің Тұран университеті де бар. Университет шет елде оқу бағдарла­масын енгізіп, студенттерді 1 жылға шет елге оқуға жіберуді қолға алуда. Кез-келген студент қалауы бойынша барып оқып келе алады. Оқу ақысы грант иегерлеріне тегін, тек жолақысын төлейді. Университетіміз бұнымен тоқтамай басқа да жұмыстармен айналысып жатыр. Мемлекет басшысы жас­тар үшін барлық жағдайды жасауда. Еліміздің болашағы – жастардың қолында!

 

Перизат АБДРАЛИНА,

Тұран университетінің Журналистика факультетінің 2-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *