Сырын білмейтін елдің сыртынан жүрме

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

 

«Ауруын жасырған өледі» дегенді білсек  те, сол дертімізді жасырғымыз келіп тұратын дағдыдан арыла алмай келе жатқанымызды    Алматы қаласында қара­ша айында орын алған тырысқақ ауруы жайында  ақпанда айтып, оған қарсы қолға алынып жатқан күрес шаралары  жайында тиісті департа­мент басшылары­ның  жұртқа енді ғана ақпарат беріп жатқа­нынан байқауға болады.  Мұн­дайда  ештен кеш жақсы деп өзімізді жұба­тып қоятынымыз тағы бар.  Алматы қала­сының 8 тұрғыны бұл дертті Гао қала­сына саяхаттап барған кезде жұқтырғаны жөнінде, соның  арасындағы бес науқас­тың дерті тырысқақтың өте қауіпті түрі екендігін  өткен аптада осы  мәселеге байла­нысты өткізіл­ген  баспа­сөз мәсли­хатында Алматы қала­лық Қо­ғам­дық ден­саулық  сақтау депар­тамен­тінің басшысы  Айзат Балтағұлқызы Молда­ғаси­мова  мәлімдеген еді. Ал қазір қалада қала әкімінің  шешімімен  тырысқаққа қарсы күрес шаралары қатаң қолға алынған.  Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқар­масында өткен алқалы жиында да  тырысқақ дертінің алдын алуға және  шет елге  саяхатқа шыға­тын азаматтардың қауіпсіздігін қамта­масыз ететін іс-шараларды жедел қолға алу мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл жиынға Алматы қалалық туризм  және спорт басқар­масының,   көліктегі қоғам­дық денсаулық сақтау басқармасының Алматы бөлімше­сінің және әуежай медицина қызметінің М.Айқын­баев атындағы карантиндік және зоонозды аурулар ғылыми зерттеу инсти­тутының, сондай-ақ, туристік фирмалар ассоциа­ция­­сының өкілдері қатысты. Жиынды Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Муси­нов жүргізді. Басқарма бас­шысы  жиынға қатысып отырған тиісті сала басшыла­рына Алматы қаласы тұрғын­дары­ның денсаулық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып,  ауруға қарсы күрес шара­ла­рын жүргізу керектігін қатаң ескертті. Бұдан соң  Алматы қалалық қоғам­дық денсаулық сақтау департа­мен­тінің өкілдері дәл қазіргі кездегі қаладағы эпидемио­логиялық ахуал­дың қалыпты, ешқандай қауіп-қатердің жоқ­тығын айта келіп, атқары­лып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. Көліктегі, әуежайдағы қоғамдық денсау­лық сақтау басқармасы мен медици­налық қызмет өкілдері де атқарылып жатқан іс-шаралары жөнінде баяндап, қазіргі кезде   жұқпалы аурулар жұқтыру қаупі жоғары деп бағала­нып отырған елдерден келген жолаушылар мен сол аймақтарға туристік саяхатқа бар­ғандардың қатаң медицина­лық тек­серу­лерден өткізіліп жатқанды­ғын  мәлім­деді.  Ал туристік компаниялар ассо­циация­сының қыз­­меткерлері де қолға алынып жатқан жұмыстары жөнінде хабарлама жасады. Жиында сөз  алған   қоғамдық ден­саулық сақтау сала­сының  жауапты қызмет­кер­лері мен туризмді дамытуға мүдделі сала өкіл­дерінің сөзде­ріне құлақ түрсек, қалаға төнер қауіп жоқ секілді көрін­ді.  Үндіс­таннан келіп білім алып жат­қан 600-ден астам студент тек­серуден өткізіліпті.  Әйтсе­ де, Алматы қала­лық ден­сау­лық сақтау бас­қар­ма­сының басшы­сы  С.Муси­нов мыр­за  бұл жұ­мыс­тарға тоқ­мейіл­суге бол­май­тынды­ғын және  тырыс­қақ­тың тез тарала­тын, жұқпа­лы ауру екендігін ескерте келіп,   оған және басқа да жұқпалы ауру­ларға қарсы күрес шара­ларын қолға алуды тап­сырды. Қоғам­дық денсау­лық сақтау департа­мен­тінің басшы­лығына  жұқ­па­лы аурулар бойынша қала тұрғын­дарымен ақпарат­тық түсін­дірме жұмыс­тарын жүр­гізуді тапсы­рып, Алматы қала­сының тұр­ғындарына шет елге шығудың жөні осы екен демей, сол қала­ған жағы­ңыздың  эпидемиоло­гиялық ахуалын алдын-ала біліп,  жолға шығар­да қажет­ті дәрі-дәр­мек­терді өздерімен бірге ала жүруді, турис­тік жолдама алған кезде оған қоса  меди­циналық сақтандыру поли­сін  сатып  алудың маңыз­ды­лығын ескертті. «Сырын білмейтін аттың сырты­нан жүрме» деген мәтелдің мазмұнын  «сырын білмейтін елдің сыртынан жүрме деп өзгертіп,  айтқан қаламыздың бас дәрігері  Серікбол Мұсинов, әсіресе, тропи­калық  аймақ­та орна­ласқан елдерге барғысы келетін туристердің  күл (дифте­рия), сірес­пе (стол­б­няк), полиоме­литке, ал  Африка елде­ріне,  оның ішінде  Оң­түс­тік Сахара, сондай-ақ  Латын Америка мемлекет­теріне баратын­дар міндетті түрде  сары  қызбаға қарсы, ал Меккеге баратындар­дың минингитке қарсы екпе ектіріп алу жөнінде кеңес берді.  «Сақ­тансаң, сақ­таймын» деген, дәрігерлердің бұл кеңе­сіне құлақ түрген абзал шығар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *