Су добынан Әлем Кубогы сарапқа салынуда

Встреча команд Венгрии и Голландии по водному полооның ашылуына қала әкімі А.Есімов қатысты

Алматы қаласы әлемдік деңгейдегі ірі спорттық бәсекелерді бірінен кейін бірін қабылдауда. Аптаның басында ғана волейболдан ІV Әлемдік кубогы тұсауын кессе, бұрнағы күні су добынан FІNA қауымдастығының ХV Әлем кубогы жолында дүние жүзінің төрт бұрышынан жеткен сайыпқыран командалар текетірес ойындарын бастап жіберді. 

Дүбірлі доданың ашылу салта­натына қала әкімі Ахметжан Есімов арнайы келіп қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа жиналған жанкүйерлер мен қонақтар алдында сөз тізгінін алған шаһар басшысы 2012 жылы әлемдік лиганың суперфиналын аса нәтижелі ұйымдастырғанның арқасында бүгінгі әлемдік кубокты өткізу мәртебесі Алматыға бұйырғанын айтып өтті.

– Шаһарымыз әлемдегі ірі спорт ойындары өтетін орталықтардың біріне айналды. Соңғы жылдары қаламыз халықаралық деңгейдегі айтулы бәсекелерді қабылдауда. Бұл – VІІ Қысқы Азия ойындары, Қазақстанда өткен тұңғыш «Тур Алматы» веложа­рысы, бокстан Әлем чемпионаты және бүгінгідей түрлі бағыттағы Әлем кубоктары бәсекелері, – деді қала әкімі.

Алматы қаласы 2017 жылы ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге жан-жақты қамданып жатыр қазір. Сонымен қатар, 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы қабылдауға тапсырыс берген ресми үміткерлердің алдыңғы сапында тұр.

Су добынан ХV Әлем Кубогының бас жүлдесі жолында Қазақстанмен бірге Австралия, Хорватия, Венгрия, Черногория, Сербия, Оңтүстік Африка және АҚШ құрамалары күресетін болады.

Берік СӘДУАҚАС

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *