ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МОНИТОРИНГ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері «Алматы – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде Алматы қаласы Қорғаныс істері департаментімен бірлесіп, Алматы қаласындағы әскери комиссариаттардағы әскерге шақырылушыларға қатысты мониторинг бастады.

Аудандық әскери комиссариаттардағы қоғамдық мониторинг жұмыстарына қатыс­­қандардың арасында: Алматы қала­сы әкім­дігінің қызметкерлері және Арнайы мони­торингтеу тобының мүшелері, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағалары және қоғам мүшелері болды.

Әскер саласында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қоғам мүшелерімен, Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері  Алматы қаласының 8 аудандық  Қорғаныс істері жөніндегі басқармасындағы әскери комис­сариаттарда әскерге шақырылушылардың медициналық іріктеуіне қатысты жемқор­лыққа қарсы мониторинг жүргізу  бойын­ша ортақ жұмыс өткізілді.

Мониторинг барысында аудандық комиссариаттардың жеке құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойын­ша семинар кездесу өткізіліп, оның жұмы­сына кедергі келтіретін мәселелер талқыланды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқар­малардың комиссариаттарындағы басшы­лары Білім басқармасымен бірлесіп, аудандық мектептерде «Жас Сарбаз» жобасы аясында жастардың Отанға деген патриоттық сезімін  қалыптастыру жұмыс­тарын жалғастыру керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, Арнайы монито­рингтеу тобының мүшелерімен әскери шақырылушылар арасында анонимді сауалнама  мен сұхбаттасу өткізіліп, Алма­ты қаласындағы әскери комиссариат­тар­дың медициналық және шақыру комис­сиялары жұмыстарына қатысты сұрақтар қойылды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *