СІЗ ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛІП, ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢІЗДІ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?

Бүгінде қаламыздың емдеу мекемелерінде алдағы жылы қолданысқа ендірілетін МӘМС жүйесін қолдануға, сол арқылы халық денсаулығын жақсарту мәселелеріне айрықша мән беріліп, дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Жуырда осы мәселе бойынша Алматы қаласына арнайы келіп, жиын өткізген еліміздің Бас дәрігері – Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов МӘМС-тің тек халық денсаулығын жақ­сарту ісінде ғана емес, осы саланы заман талабына сай жетілдіруде де МӘМС-тің маңызы зор екендігін әр адамға түсінікті тілде жеткізген болатын. Демек, келер жылы қорға түскен қаржымыз қаншалықты қо­мақ­ты болса, алатын медициналық көме­гіміздің саны да, сапасы да арта түспек. Ол үшін әрбір қала тұрғынының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардар болуы маңызды.

Алматы тұрғындарының 95 пайызынан астамы шартты түрде өз денсаулығын алдын-ала қамдап, МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылған дегенмен, әлі де бұл жүйеге салғырт қарап, үкімет өлтіре қоймас деген үмітпен жүргендер аз емес. Расында, үкімет өлтірмес, дегенімізбен, әр адамның өз денсаулығына деген жауапкер­шілігі жоғары болғаны артық бола қоймас. Міне, осы бағытты басым мақсат етіп алған Алатау ауданына қарасты Сәуле Әшен басқаратын №23 емхана ұжымы қала бас­шы­сы Бақытжан Сағынтаевтың бастама­сымен тамыз айында шет аудандарға жол тартқан «Денсаулық жолы» акциясын жалғастырып, аудандағы «Құрылысшы» ықшамауданының тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізіп, олармен салауатты өмір салты, «Белсенді ұзақ өмір сүру» тақырыптарында әңгіме өткізіп, дәрігерлік кеңестер берді.

Сонымен қатар, дәрігерлер тұрғындар арасында емханаға тіркелу, әлеуметтік мәртебені анықтау, МӘМС қорына жарна аудару мәселелері бойынша сауалнама жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. №23 емха­наның қызметкерлері «Құрылысшы» ықшам­ауданы тұрғындарына МӘМС жүйесінің басым бағыттарын түсіндіріп, ол бойынша арнайы дайындалған буклеттер мен ақпараттық-түсіндірмелік парақшалар тараттты. Сонымен қатар, өз-өзін жұмыс­пен қамтып жүрген азаматтар үшін тағайын­далған Бірыңғай төлем жүйесі де түсіндірілді.

–       Мұндай іс-шараларды жыл соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені, бірде-бір тұрғын денсаулығын жақсарту жолындағы бастамалардан тыс қалмауы тиіс. Бүгінгі ұйымдастырылған «Денсаулық жолы» акциясынан біз тұр­ғын­дардың өз денсаулығына жауапкер­шілік­пен қарай бастағанын, денсаулық саласы­ның келешегі алаңдататынын аңғардық. Сонымен қатар, Міндетті әлеу­меттік меди­циналық сақтандыру жүйесінің ендірі­летіндігінен хабардар екендіктері қуантты.

Дейтұрғанмен, МӘМС-тен бейхабар адамдар да жоқ емес. Сол себепті, ақпа­раттық түсіндіру жұмыстарын жандандыра түспекпіз, – дейді №23 емхананың бас дәрігері Сәуле Ахатқызы Әшен. МӘМС жүйесінің ендірілуіне бір жарым ай уақыт қалды. Денсаулығыңызды жақсарту ісіндегі маңызды қадам болып саналатын бұл жүйенің толыққанды қатысушысы болу үшін сіздер, ең алдымен, жұмыс беруші мекемеңіздің сізге жарна аударғанын қада­ғалап, өз аумағыңыздағы емханаға тірке­ліп, әлеуметтік мәртебеңізді анықтау қажет екендігін ескергендеріңіз абзал. Емханаға тіркелу науқаны 15 қараша күні аяқталады.

– Ал сіз емханаға тіркелдіңіз бе? Тіркелмесеңіз, тіркелуге асығыңыз және бұл жолы өзіңіз тұратын аумақтағы емханаға тіркелу маңызды екендігін ескеріңіз. Өйткені, әркім өзі тіркеуде тұрған аудан­дағы емханаға тіркелуі медициналық көмек алуға деген қолжетімділікті арттырады, – дейді МӘМС қорының өкілдері мен тұрғындар денсаулығына жауапты емдеу мекемелерінің басшылары.

 

«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) 2019 жылғы 10 желтоқсанда ҚР, 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6, Басқарма ғимараты мекен-жайы бойынша Басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілуін хабарлайды, телефоны: 274-45-86, келесі ұйымдарда:

№ р/с   Медициналық ұйымдар атауы                   Заңды мекен-жайы/ Орналасқан жері

 

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық 050062, Әуезов ауд., Жұбанов к-сі, 11

перинаталдық орталық» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық адам Жібек  жолы көшесі,  124

ұрпағын өрбіту орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Қалалық 050005, Алмалы ауд., Төле би к-сі, 93

кардиологиялық орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№ 1 Қалалық 050012, Алмалы ауд., Сейфуллин, 492

перзентхана» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№ 2 Қалалық 050002, Медеу ауд., Жангелдин к-сі,

перзентхана» МКК                                         28/20-22

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№ 4 Қалалық 480011, Түрксіб ауд., Станкевич, к-сі, 6/3

перзентхана» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№ 5 Қалалық 050062, Әуезов ауданы, З. Қабдолов

перзентхана» МКК                                          көшесі, 28

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Перинаталогия 050060, Бостандық ауд., Бәсенов к-сі, 2

және балалар кардиохирургия

орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Медициналық 050000, Алмалы ауд., Қазыбек би к-сі, 115

жедел жәрдем қызметі» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары 050012, Алмалы ауд., Қабанбай

медициналық колледжі» МКК                         батыр к-сі, 132

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Тері- 050057, Бостандық ауд., Манас к-сі, 65

венерологиялық диспансері» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Алатау» Медеу ауданы, «Алатау» шағынауданы,

қалалық ауруханасы» МКК                            Жетбаев көшесі, 28

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Паллиативтік 050060, Бостандық ауд., Бәсенов к-сі, 2

көмек орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «ЖИТС 050060, Бостандық ауд., Бәсенов к-сі,

алдын-алу және оған қарсы                             2 корпус 4

күрес орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№5 Қалалық 050026, Алмалы ауд., М.Мақатаев к-сі,

емхана» МКК                                                 141

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Отан соғысы 050000,  Алмалы ауд., Төле би к-сі, 249

ардагерлерінің емханасы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№24 Қалалық 050028, Түрксіб ауданы, Земнухов к-сі, 3/1

емхана» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№25 Қалалық 050024,  «Дархан» ш.а., Х. Алтай к-сі, 24/1

емхана» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№26 Қалалық мкр. Таусамалы, Гроза к-сі 102

емхана» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№27 Қалалық Наурызбай ауд., «Ақжар» ш. а.,

емхана» МКК                                                 Дәулеткерей 100 А

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жас қанат» «Жас қанат» ш.а., 454/1

МСАК орталығы» КМК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№36 Қалалық «Шұғыла» шағынауданы, 340 А

емхана» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Құлагер» 050066, Жетісу ауд., Құлагер ш.а. 34а

медициналық-санитариялық алғашқы

көмек орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық қан 050040, Бостандық ауд.,

орталығы» МКК                                             Бұқар жырау к-сі, 47

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық 050000, Әйтеке би көшесі, 116

ревматологиялық орталық» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Психикалық Каблуков көшесі, 117а

сауықтыру орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «И. Жекенова 050040, Бостандық ауд., Байзақов к-сі, 295

атындағы қалалық клиникалық

жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Балалар 050040, Бостандық ауд.,

қалалық клиникалық жұқпалы аурулар           Байзақов к-сі, 299а

ауруханасы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмо- 050030, Түрксіб ауданы,

нология орталығы» МКК                               2-ші Остроумов к-сі,45

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық 050006, Қалқаман ш.а., 4А

патологиялық-анатомиялық бюро» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Фтизиопульмо- 050051, Алматы қаласы,

нология балалар оңалту орталығы» МКК      Медеу ауданы, Луганский көшесі, 60

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Қалалық 050031, «Ақсай-2» ш.а., 41 «А» үй

балаларды оңалту орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№13 Қалалық 050037, Түрксіб ауданы,

емхана» МКК         Сейфуллин даңғ., 97.

 

Аббревиатураны және қысқартуларды пайдалану:

ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

ШЖҚ КМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;

Алматы қ. ДСБ – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы;

 

Ұйымдардың негізгі қызметі – медициналық қызмет.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

1)      денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) басшы лауазымдағы құқық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік етуін қамтиды.

Байқаушы кеңестің мүшесі ретінде:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұған дейін сыбайлас жемқорлық  құқықбұзушылық жасаған;

4) байқаушы кеңестің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық сипаттағы қатынастағы тұлға сайланбайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурс өткізу бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы еркін нысандағы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылықтың және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап мына мекен-жай бойынша анықталады: ҚР, 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 6, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, телефоны: 2744586, 302-кабинет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *