Шыңғыс Айтматовқа ҚОЯ АЛМАҒАН ҮШ САУАЛ

3691Оны аяқтан шалғандар да болған

Тарихтың таңдауы солай болған шығар. Біздің бала күнімізде Шыңғыс Айтматовтың атақ-даңқы дүркіреп шықты. «Қырғыздан бір мықты жазушы шығыпты» деді жұрт. Оның «Бетпе-бет», «Алғашқы мұғалім», «Жәмила» сияқты алғашқы әңгіме, повестері қолдан-қолға тимеді. Ол кезде кітап аз ба еді? Әлде жұрттың көркем әдебиет оқуға құштарлығы күшті ме еді? Жаңа шыққан кітаптарды бір-бірінен қиыла сұрап алып, кезекке тұрып оқитын. Айтматовтың шығармаларын оқығандар «оқиға-сюжеті тура біздің ауылдың әңгімелері» секілді дейтін.

Шынымды айтсам, мен басында Шыңғыстың жазғандарын оқуға жүрексініп жүрдім. Оған себеп бар…

… Біз төртінші бітіргенде мұғаліміміз:

– Каникулда бет алды қаңғи бермей, әдеби кітап оқыңдар! – деді.

– Қандай кітап, ағай? – дедік бәріміз жан-жақтан жамырап. Сәл ойланып тұрды да:

– Мысал үшін Карл Маркс деген кісінің «Капитал» деген кітабын, – деді.

– Ол қызық кітап па? – дедік біз ынтыға түсіп.

– Қызық болғанда қандай!

– Не туралы?

– Қазіргі өміріміз туралы.

Мынадай әңгімеден кейін менің «Капиталды» тезірек оқығым келіп кетті. Мектептен шыққан бойда ауыл кітапханасына қарай жүгірдім. Ентіге басып барсам, абырой болғанда кітапханашы келіншек орнында екен. Әй-шәйға қарамай:

– Карл Маркс деген кісінің «Капитал» дейтін кітабы керек еді? – дедім. Кітапханашы мырс етті. Сонан соң бетіме қарап тұрып:

– Нешінші томы? – деді.

– Барлығы, – дей салдым.

Кітапханашы келіншек қалың-қалың кітаптарды алдыма әкеп қойғанда зәрем ұшты. Неде болса шегінер жер жоқ. Үш кітапты арқалап үйге тарттым. Жолда келе жатып мазам кетті. «Бұларды қай уақытта оқып болам? Бүкіл каникул осымен өте ме? Бұл кітаптардың мазмұнын кітапханашыға қалай айтып берем?». Үйге жеткенше мені осы сұрақтар мазалады. Ең қиыны, әлгі айтқан кітаптың мазмұны. Ол кезде оқып шыққан кітабыңның мазмұнын кітапханашыға айтып беру тәртібі бар болатын.

«Ақ кеме» әдебиет айдынына жүзіп шыққан сонау 75-жылдары кейбіреулер сыбырлап: «Азаттық» радиосынан тыңдадық. Шет елде бұл шығарманың идеясын басқаша түсіндіреді екен. Басты кейіпкер баланы – қырғыз халқының өкілі, ол қызыл империяның қыспағына ұшырап, қысым көргендіктен, өмірден түңілгендіктен амалсыз балық болып жүзіп кетті» дейді екен» деп жүрді. Артынан «Шыңғыс Айтма­товтың «Ақ кемесін» Нобельдік сыйлыққа ұсыныпты. Бірақ, басқа мазмұн-мақсатпен береміз депті. Бұл азаттықты аңсаған қырғыз сияқты аз ұлттың большевиктік коммунизмге қарсы күресі депті. Сол себепті де шығарманың авторы Айматов­тың өзі сыйлықтан бас тартыпты» деген сыбыс тарады. Сыбыс дейтінім, ол заманда Кеңес одағын батыста­ғылар «темір қоршаудың ішіндегі ел», «халықтар түрмесі» деп атайтын­дай, сырттан қандай да бір ақиқат ақпарат алу қиын еді.

«Капиталды» оқып көргенше дегбірім қашты. Асығыс-үсігіс шәй ішкен болдым да, кітапты қолыма алдым. Заулатып оқи жөнелдім. «Товар және ақша. Товардың екі факторы… Капиталистік өндіріс әдісі үстемдік ететін қоғамдардың байлығы…». Мынау не деп кетті? Ағай «өте қызық кітап» деп еді ғой. Көзімді уқалап жіберіп қайта оқыдым. Тағы да сол. «Товар және ақша. Товардың екі факторы…» деп тұр. «Товар несі? Ақшасы несі?» деймін түкке түсінбей. Үшінші рет оқуға батпадым. Ақырын кітапты ақтарып, суреттерін іздей бастадым. Бас жағында қаба сақалды кісінің фотосуреті беріліпті. Астына «Карл Маркс» деп жазып қойған. Әрі қарай неше түрлі формулалар, есептер берілген бе? Әйтеуір шым-шытырық. Амалсыз жауып қойдым.

Кешке әкем жұмыстан келгенде жағдайды айтып, мұңымды шақтым. «Осылай да осылай. Мұғаліміміз каникулда Карл Маркс деген кісінің «Капитал» дейтін кітабын оқыңдар деп еді. Оқып көріп, түк түсінбедім», — дедім.

Әкем күліп, басын шайқады. Сонан соң басымнан сипап:

– Ол кітапты оқуға саған әлі ерте, – деді. Мына сөзден кейін бүкіл денем жеңілдеп сала берді. Енді мен үшін қиын нәрсе «Капиталды» кітапханаға қайта өткізу және кітап­ханашыға мазмұнын айтып беру еді. Оның да амалын таптым. Оған өзімнен екі жас кіші інімді көндірдім. «Сен апарып бересің. Мен сыртта қарап тұрамын. Сөйтіп, екеуміз қаша жөнелеміз» дедім. Солай еттік те. Сондағы бір қуанғанымды көрсеңіз!

Атақты адамдардың кітабын оқудан жүрегім осылай шайлығып қалды. Содан ба, көпке дейін Шыңғыс Айтматов­тың да кітаптарын оқуға бата алмай жүрдім. «Карл Маркстың «Капиталы» сияқты түсіну қиын шығар» деп ойладым. Менің күдігімді басқалар сейілтті. Әркімдерден «оқиғалары қызықты, оқуға жеңіл» дегенді естідім. Сөйтіп, жазушының «Алғашқы мұғалім» шығармасын қорқа-қорқа қолыма алдым. ..

Есіңізде болса, оның бас жағында мынадай жолдар бар:

«Біздің ауыл Ақ-Жар тауының етегінде орналасқан, онан әрі қарай сілемдене сұлаған Қаратауға дейін – иерелеңдеген өзен, темір жол тартылған қазақтың даласы.

Ауылдың жоғары жағындағы адырда мен бала кезден білетін екі зәулім терек болатын. Бұл егіз терек кәзір де сол жерде. Қашан қарамасаң да, ауылға қай тұстан келмесең де, бәрінен бұрын төбе басында бой түзеген осы биік теректер көзге бұрын шалынады…».

Міне, осы сөйлемдер мені қандай да бір сиқырлы күш-құдыреттей өзіне тартып әкете берді. Қалай кітаптың орта тұсына барып қалғанымды білмей қалдым. Суреттеп отырған ауылы, тал-терегі, көшелері, тіпті, адамдарына дейін құдды біздің ауыл тәрізді. Жаныңа жақын көріністер.

Мен осылайша Шыңғыс Айтматовтың жазғандарын іздеп жүріп оқитын тұрақты оқырманына айналдым. Тіпті, қазақшасын қойып, орысшасына көштім. Орыс­шасы да оқуға жеңіл, әрі түсінікті. Сенбесеңіз оқып көріңіз.

Мысалы, жазушының «Белый пароход» («Ақ кеме») романы былай басталады:

«У него были две сказки. Одна своя, о которой никто не знал. Другая та, которую рассказывал дед. Потом не осталось ни одной. Об этом речь.

В тот год ему исполнилось семь лет, шел восьмой. Сначала был куплен портфель. Черный дермативный портфель с блестящим металличес­ким замочком-защелкой, проска­льзывающий под скобу. С накладным кармашком для мелочей. Словом, необыкновенный самый обыкновенный школьный портфель. С этого все началось».

Қараңыз, балаға да данаға да, оқушыға да, оқымыстыға да түсінікті. Қарапайым. Сюжеті өмірдің өзінен алынған. Мұндағы бар оқиға басты кейіпкер баланың танымы, көзқарасы, іс-әрекеті арқылы өрбіп отырады. Құлқын­құмар қорықшы Оразқұлдан бастап, Сейдахмет сияқты оның айналасындағы адамдардың қатыгездігі мен мейірім­сіздігіне қынжыласың. Момын шалдың жуастығына, дәрменсіздігіне жаның ашиды. Осының бәрін көзбен көріп, түңілген періште бала балыққа айналып кетсем дейді. Балыққа айналып, күнде өзі дүрбімен көретін Ыстық­көлдің ортасындағы Ақ кемеге жүзіп барып, қиялындағы теңізші әкесіне мұңын шаққысы келеді…

Орыстың классик жазушысы Федор Достоевскийдің: «Әлемдегі бүкіл дүние байлық баланың бір жылаған көз жасына тұрмайды» деген сөзі бар. Сол айтқандай, кезінде «Ақ кемені» оқып, ондағы бас кейіпкер баланың тағдырына жаны ашып, тебіреніп, жан дүниесі күйзелмеген оқырман жоқ шығар, сірә. Шығарма 1975 жылы экрандалды. Ол фильмді кинотеатрдан көріп шыққан талай адамның егіліп жылағанын көзіміз көрді. «Ақ кеме» фильмі Бер­линде және Венецияда өткен халық­аралық кинофести­вальдарда көрсетілді. Бұл кинофильммен бірге Шыңғыс Айтматовтың даңқы әлемді шарлап кетті. Қаламгердің күнделікті тіршіліктегі адами мәселелерді көркем шығарманың тілімен әлемдік деңгейге көтеруі адамзатты тәнті етті…

«Ақ кеме» әдебиет айдынына жүзіп шыққан сонау 75-жылдары кейбіреулер сыбырлап: «Азаттық» радиосынан тыңдадық. Шет елде бұл шығарманың идеясын басқаша түсіндіреді екен. Басты кейіпкер баланы – қырғыз халқының өкілі, ол қызыл империяның қыспағына ұшырап, қысым көргендіктен, өмірден түңілгендіктен амалсыз балық болып жүзіп кетті» дейді екен» деп жүрді. Артынан «Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесін» Нобельдік сыйлыққа ұсыныпты. Бірақ, басқа мазмұн-мақсатпен береміз депті. Бұл азаттықты аңсаған қырғыз сияқты аз ұлттың большевиктік коммунизмге қарсы күресі депті. Сол себепті де шығарманың авторы Айматовтың өзі сыйлық­тан бас тартыпты» деген сыбыс тарады. Сыбыс дейтінім, ол заманда Кеңес одағын батыстағылар «темір қоршаудың ішіндегі ел», «халықтар түрмесі» деп атайтындай, сырттан қандай да бір ақиқат ақпарат алу қиын еді.

Менің Шыңғыс Төреқұлұлына кездессем қояйын деген бір сұрағым осы «Ақ кемеге» байланысты-тын. Жазушы­дан «шет елдерде жоғарыда айтылғандай шығарманың басқаша мазмұн-мағынада түсіндірілгені және Нобель сыйлығына ұсыну әрекетінің болғаны рас па?» деп сұрайын деп ем. Себебі, қырғыз­да қайдам, біздің қазақта: «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деп айтады.

Оның үстіне оған дейін де КСРО-да «кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы» деген сылтаумен авторды мәжбүрлеп Нобель сыйлығынан бас тартқызу тәжірибесі болған. Мәселен, 1958 жылы Борис Пастернакқа «кәзіргі лирика­лық поэзия мен ұлы орыс прозасындағы аса жоғары еңбегі үшін» деп Нобель сыйлығы берілген. Бірақ та билік басындағы СОКП Орталық Комитеті «мұны оған шет елде басылған біздің идеологиямызға жат «Доктор Живаго» романы үшін беріп отыр» деп қаламгерді сыйлықтан бас тартқызған. Жалғыз әдебиет емес, мұндай жағдайлар басқа салаларда да кездескен. Бұған әлемде тұңғыш рет Жердің жасанды серігін ғарышқа ұшырғаны үшін 1957 жылдың аяғында әйгілі конструктор Сергей Королевтің Нобель сыйлығына ұсынылуы мысал бола алады. Онда да Кеңес Одағының сол кездегі басшысы Н.С. Хрущев: «бұл жалғыз Королевтің емес, тұтас бір ұжымның, керек болса, кеңес халқының еңбегі мен жетістігі» деп бергізбей қойған.

Ал, 1980 жылы қаламгердің «Боранды бекет» немесе «Ғасырдан да ұзақ күн» деп аталатын романы жарық көрді. Мен оны өзім «Роман-газетаның» 1982 жылғы №3 нөмірінен оқыдым. Оқып шықтым да, таңқалдым. Таңқалып қана қойған жоқпын. Риза болдым. Өйткені, жазушы «Боранды бекетте» қазақтың басындағы қасіретті айтқан. Қазақтың мұңын жырлаған. «Өркениетті ХХ ғасыр­да өмір сүріп отырмыз. Адам баласы ғарышты бағындырды» дейміз. Қазақ өз жерінде отырып, бақилық болған кісісін байырғы қорымы «Ана-бейітке» апарып жерлей алмайды. Ол жерге космодром орналасқан. Жабық аймақ. Тіпті, болашақта «Ана-бейіттің» орнына жаңа микроаудан салынады дейді. Қазақ үшін бұдан асқан қорлық пен қасірет бар ма?

Оқысаңыз есіңізде бар шығар? Романның аяқ жағын­да мынадай көрініс бар емес пе еді. (Мен әдейі өз бояуында көрінуі үшін орысша нұсқасын келтіріп отырмын):

– Біз ғой, қарағым. Ана-бейітке жетпей тұрып қалдық. Қалай болса да жәрдемдес, қарағым, – сказал Едигей, старая­сь, чтобы награды на груди попали на глаза молодому офицеру.

На лейтенанта Тансыкбаева это не произвело никакого впечатления, он лишь сухо кашлянул и, когда старик Едигей намерился было снова заговорить, холодно упредил его:

– Товарищ посторонний, обращайтесь ко мне на русском языке. Я лицо при исполненнии служебных обязанностей, – пояснил он, хмуря черные брови над раскосыми глазами.

Буранный Едигей засмущался сильно:

– Э-э, извини, извини. Если так, то извини. – И растерян­но умолк, потеряв дар речи и ту мысль, которую собирался высказать.

– Товарищ лейтенант, разрешите изложить нашу просьбу,– выручая старика, обратился Длинный Едильбай.

– Изложите, только покороче, – предупредил начальник по караулу…

…Длинный Эдильбай принялся докладывать все как есть – кто они, откуда, с какой целью и почему появились здесь. И пока он говорил, Едигей следил за лицом лейтенанта Тансыкбаева и понял, что ничего хорошего ждать не следует. Тот стоял по ту сторону шлагбаума лишь для того, чтобы выслушать формально жалобу посторонних лиц. Едигей это понял и померк в душе. И все, что было связано со смертью Казангапа, все его приготовления к выезду, все то, что он сделал, чтобы убедить молодых согласиться хоронить покойного на Ана-Бейите, все его думы, все, то в чем он видел связан­ную нить свою с историей сарыозеков, – все это вмиг превратилось в ничто, все это оказалось бесполезным, ничтож­ным перед лицом Тансыкбаева. Едигей стоял оскорбленный в лучших чувствах… Смешно и обидно ему было за лепо обряжженного в ковровую попону с кистями Буран­ного Каранара – зачем и кому это надо теперь! Этот лейте­нант Тансыкбаев, не пожелавший или побоявшийся говорить на родном языке, – разве он мог оценить убранство Каранара…

Міне, осы жолдар қазақтың табиғаты мен болмысынан хабардар оқырманды күйзелтіп, терең ойға батырады. Әсіресе мұндағы: «Товарищ посторонний, обращайтесь ко мне на русском языке. Я лицо при исполненнии служебных обязанностей, – пояснил он, хмуря черные брови над раскосыми глазами» немесе «Этот лейтенант Тансыкбаев, не пожелавший или побоявшийся говорить на родном языке, – разве он мог оценить убранство Каранара» деген сөйлемдер ше? Бұл Кеңес одағындағы «ұлттар теңдігінің» сиқын, билік басындағы шовинистердің басқа халықтарға үстемдігін көрсетіп тұрған жоқ па?

Ең әуелі сондай тоталитарлық заманда жазушының мынадай өткір тақырыпқа барып, қазақтың басындағы қайғы-қасіретті көтеріп, «Боранды бекеттей» роман жазуы, сөз жоқ, ерлік.

Қазақтай кеңпейіл, дархан халықты өз жерінде, өз атамекенінде қыспаққа салып, өгейсіткен кеңестік биліктің бет-бейнесін ашып көрсеткен шыншыл шығарманы жарыққа шығару Шыңғыс Айтматовқа оңайға түспегені анық. Ол жағын біле бермейміз.

Айтпақшы, Шыңғыс Төреқұлұлы 2004 жылы ақпанда Ресей мемлекеттік қызмет академиясында оқытушы-профессорлар мен тыңдаушылар алдында оқыған лекция­сында «Боранды бекет» романына кезінде цензураның келіспеуімен бірқатар мәселелердің енбей қалғанын, ендігі жерде ол шығарманы «Құдайға қайта тапсыру» деген тараумен толықтыратынын айтыпты.

Дегенмен, «маған тек орысша тіл қатыңыз, мен қызмет бабындағы адаммын» деп зіркілдеп тұрған қазақша білмей­тін немесе қазақша сөйлеуге қорқып тұрған лейтенант Таңсықбаев туралы эпизодты аса сақ әрі қырағы кеңестік цензура қалай жіберді екен?» деген ой туады. Сәті түссе, Шыңғыс ағадан сыр тартып, сұрап білсем деген екінші сауалым осы еді.

Менің бір білетінім, «Боранды бекетті» оқыған жұрт «мынадай ащы шындықты айтқан шығарманы Шыңғыс биік беделімен шығартты. Әйтпесе, мұны басқа біреу жазса бастырып шығартпас еді» деп жүрді. Өйткені, роман жарық көрген 80-жылдары КСРО-дай алып империяны бір уысында ұстап тұрған СОКП ОК мен кеңес өкі­меті әлі қау­қарында-тын. Қауқарыңыз былай тұрсын «біз ке­мелденген социализм жағдайында өмір сүріп отырмыз» деп мақтанып, «нан болса, ән болады» деп әндетіп жүргенбіз. Ал, 1982 жы­лы мамырда КСРО-ның Азық-түлік бағдарла­масы қабыл­данғанда елдегі жағдайдың мәз емес екені белгілі болып қалды. Оның үстіне күн­делікті ішер ас, киер киім, азық-түлік тапшылығы сезіліп отырған мем­лекетте «кемелденген социализм орнаттық» деу күлкілі жағдай-тын.

Мына беріректе, сексенінші жылдардың аяғында Шыңғыс аға­мыз оқырманға «Жанпида» («Плаха») деген романын ұсынды. Шы­нын айту керек, мұны алғаш қолына алып оқығандар: «Айт­матовтың бұл романы бұрынғы шығармаларындай емес, мазмұны мен ұғымы жөнінен күрделілеу екен» десті. Күрделі болатын себебі, романдағы басты кейіпкер Авдий Каллистратовтан бастап, Базарбай, Бостон, Инга, т.б. басынан өткен оқиғалары шым-шытырық, бірінен-бірі өрбіп отырады. Есте сақтау қабілеті ерекше, елгезек оқырман болмаса басқа біреудің романды бір оқығаннан түсініп, ұғынуы екіталай.

Алабөтен көзқарасы үшін діни семинариядан қуылған Авдийдің Жаратушы құдай және адамдар туралы түсінігі басқаша. Оның түсінігі әуелден қалыптасқан дін ережелері мен уағыздарынан бөлек, тіпті, ғылыми атеизммен де қабыспайды. Осындай пайым-түсініктегі Авдий адамдар­ды есірткі­құмарлықтан және сайын даланың сұлуы, еркесі киіктерді жөнсіз атып, қырудан тыйсам дейді. Осы жолда ол талай қиындық, кедергілерге тап болады. Романдағы қос жыртқыш Ақбара мен Тасшайнардың, яғни, қасқыр екеш қасқырдың да өз ұрпағы үшін жанын құрбан етуге даяр екені оқырманды бей-жай қалдырмайды. Бөлтіріктері үшін адам баласынан өш алуды көздеген Ақбара қаншық аңдып жүріп, кішкентай Кенжешті ұрлап қашады. Жанұшырған Бостон қасқырды атамын деп оның жон арқасында кетіп бара жатқан өз баласын атып қояды. Шығарманың оқиғасы осылай қайғылы аяқталады. Қандай аянышты!

Жазушы кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы бұл шығарма­сында да бүкіладамзаттық мәселелерді көтерген. Жер бетінде эко­ло­гиялық апат және рухани дағдарыстың бой көрсетіп келе жатқанын меңзеген.

Әлі есімнен шыға қойған жоқ. 1986 жылғы 30 шілдеде «Комсо­мольская правда» газетінде философия ғылымдары­ның докторы И. Крывелев дегеннің «Кокетничая с божен­кой» деп аталатын мақаласы жарияланды. (Менде газеттің сол №174 (18677) нөмірі сақтаулы). Онда автор сол кездегі атақты жазушылар В.Бы­ков және В.Астафьевті кейінгі жазғандарында «рухани тазаруды діннен іздеп, құдайшы­лыққа бой ұрды – коммунистік тәрбиенің өзекті бір тар­мағы – атеизмнен ауытқып, ғылыми-материалистік таны­мымызға нұқсан келтірді», – деп кінәлайды. Ол екеуімен бірге Шыңғыс Айтматовтың «Плаха» романын да сын садағы­мен түйрей өткен. Мұндағы негізгі нысана Ш. Айтматов болған болуы да мүмкін.

Оқырманға түсінікті болуы үшін аталған мақаланың «Плаха» романына қатысты үзіндісін толық келтіргенді жөн көріп отырмын:

«А оставлять нравственность на откуп религии – не есть ли это некая форма заигрывания с боженкой?

Довольно явственную попытку в этом направлении предпринимает в своем последнем романе «Плаха» («Новый мир»,1986, №6) Ч.Айтматов. Опубликовано пока только его первая часть, но многое в ней вызывает, по меньшей мере, недоумение. (Қараңыз, әлі шығарманың толық нұсқасы жарияланбай жатып, асығыс сын мақаланың жазылуы – жоғарыдан сондай «арнайы тапсырма» болған-ау деген күдік тудырады. – Ә.А.)

Не будем подробно останавливаться на признаках неком­потентности автора в вопросах, занимающихся немалое место в ходе его повестовования, связанных с жизнью современной православной церкви. Но укажем хотя бы на то что, не существует в Московской патриархии такой должности, как «координатор по учебным заведениям», однако он фигурирует в романе. Выдумана и угроза отлучения от церкви, якобы нависшая над изгнанным из духовной семинарии ее слушателем.

Важней, однако, другое – общая тенденция.

Его герой – исключенный семинарист Авдий Каллистра­тов – ищет Бога. Его не удовлетворяет традиционный «архаичный» образ Верховного существа, но не нравится ему и атеизм. Приходится искать средний вариант – некоего «Бога современника», соответст­вующего «потребностям времени». И еще не найдя такового, богоискатель устремляет­ся с уже как бы найденным в сферу жизненной практики, примкнув к компании уголовников, занимающихся собиранием и сбытом наркотиков. Делает он это сдвоякой целью: набрать материал для корреспонденции в областной комсомольской газете и именем Бога убедить участников шайки отказаться от их преступной деятельности.

Неправдоподобно, чтобы газета взяла в свои специальные корреспонденты случайного человека, притом явного пута­ника-богоискателя. Что касается «миссионерской» задач, которую поставил перед собой Авдий, то она, видимо, приз­вана выразить ту же авторскую идею, которую мы выше отметили у Быкова: именно при помощи религиозных устано­вок можно и нужно оздоравливать нравы и нравественность людей…».

Бұл үзіндіден байқалатыны, философ И.Крывелев гуманист жазушы Ш.Айтматов бұл романында – жаңа діни таным-көзқарасты тықпалау емес, керісінше, дін мен саясаттан биік тұрған адам баласына үлкен қасірет әкелетін нашақорлықтан арылу, табиғаттың байлығына жыртқыш­тық әрекетті жою секілді жалпы адамзаттық мәселелерді көтеріп отырғанын елемейді. Керісінше «тырнақ астынан кір іздеп»: «Мәскеу патриархиясында – «оқу орындары бойынша координатор» деген қызмет жоқ, не болмаса облыстық комсомол газетінің құдайды іздеп, адасып жүрген кездейсоқ біреуді арнаулы тілші етіп алуы шындыққа жанаспайды» деп ұсақ-түйек кемшіліктерді тізбелейді.

Әлгінде «бұл мақала жоғарының арнайы тапсырма­сымен жазылуы ықтимал» деген күдікті жәйдан-жәй айтқан жоқпыз. Аға буын жақсы біледі. Кешегі кеңестік билік тұсында СОКП Орталық Комитетінің ырқына көнбей, сая­сатының шеңберінен шығып бара жатқан атақты адам­дарды жастар басылымдары арқылы сынап-мінеп, тұқыр­тып алу әдісі болатын. Неге жастар газеті арқылы дейсіз ғой? Өйткені, жағдай басқаша бет алып, қоғамда қарсылық пен наразылық туып жатса, «Кешіріңіздер, жастар басы­лымы сондай бір ағаттық жіберген екен» деп ақтап алуға оңай. Бұған байланысты пролетариат көсемі В.И.Лениннің өзі 1916 жылы жазған «Интернационал молодежи» дейтін мақаласында: «Жастар баспасөзін сынап-мінеуден гөрі оған кешіріммен қарап, барынша көмектесу керек. Себебі, ол албырт та ізденімпаз, буырқана қайнап тұрған, қызу­қан­ды жастардың органы» деген уәжді көлденең тарта қоятын. Кеңестік қоғамда құдайдай саналған Лениннен дәлел келтіргенде кез келген «мықтыңыз» бас шұлғып, төменшіктеп, мысы басылып қалатын.

Әлгінде «бұл мақала жоғарының арнайы тапсырмасы­мен жазылуы ықтимал» деген күдікті жәйдан-жәй айтқан жоқпыз. Аға буын жақсы біледі. Кешегі кеңестік билік тұсында СОКП Орталық Комитетінің ырқына көнбей, саясатының шеңберінен шығып бара жатқан атақты адамдарды жастар басылымдары арқылы сынап-мінеп, тұқыртып алу әдісі болатын. Неге жастар газеті арқылы дей­сіз ғой? Өйткені, жағдай басқаша бет алып, қоғамда қарсылық пен наразылық туып жатса, «Кешіріңіздер, жастар басылымы сон­дай бір ағаттық жіберген екен» деп ақтап алуға оңай. Бұған байла­ныс­ты пролетариат көсемі В.И.Лениннің өзі 1916 жылы жазған «Интернационал молодежи» дейтін мақаласында: «Жастар баспа­сөзін сынап-мінеуден гөрі оған кешіріммен қарап, барынша көмек­тесу керек. Себебі, ол албырт та ізденімпаз, буыр­қана қайнап тұр­ған, қызуқанды жастардың органы» деген уәжді көлденең тарта қоя­тын. Кеңестік қоғамда құдайдай санал­ған Лениннен дәлел кел­тіргенде кез келген «мықтыңыз» бас шұлғып, төменшіктеп, мысы басылып қалатын.

Бұл орайда еске түсетіні, 1974 жылы ақпанда тағы да сол «Комсомольская правдада» «Пробный камень» дейтін мақала жарық көріп, біздің академияның оның ішінде Тіл білімі институтының шат-шәлекейін шығарған. Осы сияқты республикалық «Ленинская смена» газетінде (1979 жылғы 19 мамыр) академик Евней Букетов туралы «В соавторстве… С Хлестаковым» деген фельетон жазылып, көрнекті ғалым, аяулы азаматты орынсыз қаралап, қызметтен шеттеткен.

Шыңғыс ағамыздан кезінде «Комсомольская правда» газетінде басылған осы сын мақаланы қалай қабылда­дыңыз? Оның «жоғары жақтың тапсырмасымен» жазыл­ғанын білдіңіз бе?» деп сұрайын деп едім.

Өкінішке қарай, тағдыр ұлы қаламгерге оның шығарма­шылығына қатысты қарапайым оқырманның үш сауалын қойып, оған қанағаттанарлық жауап алуды жазбады. Ал, өмір­дің өзі Шыңғыс шығармаларының шыншылдығын, адам­­заттың рухани әлемінде мәңгі жасай беретінін дәлелдеді.

Бүгінде заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтма­товтың әңгіме, повесть және романдарының әлемдік әдебиеттің ең үздік қорына еніп, есімі алтын әріптермен жазылғанына ешкімнің күмәні болмаса керек.

Әшірбек АМАНГЕЛДІ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close