Шырағыма шырай берген абзал жандар

Жасым жетпістен асқан менің қос шырағым сыр беріп, осыдан екі айдай бұрын Алматы қалалық көз аурулары ауруханасының «офтальмология» бөлімшесіне «катаракта» диагнозы бойынша түскен едім. Аурудың оңған қай түрі бар дейсіз, қай жеріңіз ауырса, жаның сол жерде тұрады емес пе? Алайда, ең жанды да, нәзік жерің көз екендігі тағы рас…

Ойлап отырсаң, денсаулыққа байланысты барлық іс бір Алланың қолдауы, қалауымен болғанымен, сол ізгі іс адамның, яғни дәрігердің қолымен жасалады емес пе?!

Міне, сол ақ желеңді абзал жандардың арқасында, шүкір, қос шырағым шырадай жанып, компьютер клавиштерінде саусақ билету бақытына қайта ие болып отырған жәйім бар…

Exif_JPEG_420

Осы орайда қу жаныма медет тілеп барған осы медицина мекемесіндегі көзіме ота жасаған дәрігер – клиниканың бөлім меңгерушісі Әбдіраимова Гүлзат, дәрігер Димаш Бақытұлына, мейіргер (медбрат) Диас Құрманбаевқа, аға мейірбике Айсұлу Жексенбаеваға айтар алғысым шексіз. Сол сияқты, мейірбикелер: Алма Тоқтаболатова, Бота Мұсаева, Самал Әліш, Алтынай Смағұлова, Үміт Құрманалиева сынды адам жанының арашашыларына ақжарма алғысымды білдіремін.

Осы ауруханада ем алған бір апта уақыт ішінде анық байқағаным: клиника бөлімінің дәрігерлері ғана емес, аспазы да, тазалықшысы да (санитар), басқа да қызмет көр­сетушілерінің барлығы өз істерін жақсы біліп, міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарайтын жандар. Мәселен: бармағынан бал тамған аспаз Мән­шүк Қарамолдаева, тазалықшылар Гүлзия Қасымова, Гүлмира Мәсімханова, тағы басқа қызметшілер ауру жандардың ауруын бөлісіп алуға дайын мейірімді де, ақ жүректі жандар.

Бұл бөлімде өзара сыйластық, ынтымақ пен мейі­рім ауаны берік қалыптасқандығы анық байқалады. Ұжымның барлық қызметкерлері ауру жандарды дәрі-дәрмекпен ғана емес, жылы сөз, ыстық ықылас, аялы алақан мен жүректен шыққан шынайы мейірім арқылы сауықтырады екен. Шындығында да, өзара сыйластық пен мейірім орнаған жерде қай істің болмасын орайы келіп, жемісті болары хақ!

Рахмет сіздерге, ақ желеңді абзал жандар! Ден­деріңіз сау болып, халық үшін жасаған адал еңбектеріңіз Алладан қайтсын!

Ғабдул-Сәбит ЮСУПОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Қаратал ауданының «Құрметті азаматы».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *