«ШЕВРОННЫҢ» жастарға тартуы

Жастар жылы аясында «Шеврон» компаниясы мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасындағы «Makerspace Astana» шеберханасында жас бағдарламашылар (программист) мен оны әзірлеушілерге арналған «HackEd» хакатоны өтті. Екі күн бойы қатысушылар білім беру жүйесін жақсартып, жеңілдетуге көмегі тиетін құрылғылар әзірлеумен айналысты.

Рая ЕСКЕНДІР

Осынау іс-шараның басы-қасында жүрген «Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Қошпанова бұл басқосу тура­лы былай дейді:

– Біздің компания Қазақ­станда STEM саласында білім беруді дамытуға ерекше назар аударып отыр. Сонымен қатар, жастардың зияткерлік капи­талы мен техникалық әлеуетін дамытуға да көңіл бөлу біздің компанияның басты мәселе­лерінің бірі. Біз қашан да да­рын­ды жастарға қуана көмек­тесіп, олардың қоғамдағы әлеу­меттік мәселелерін шешуге деген талпыныс­тарына қызу қолдау білдіреміз.

Алғаш рет өткізіліп отыр­ған «HackEd» хакатонына қатысу үшін 40-тан астам ко­манда өтініш білдірсе, олардың 15-і іріктеуден өткен еді. Ал 14–21 жас аралығындағы жас­тар екі адамнан тұратын команда құрып, өз жобаларын Aduіno, Raspberry Pі платфор­масында ұсынды.

Хакатонға дайындық аясын­да командалар Aduіno, Ras­pberry Pі микрокон­троллер­лермен жұмыс істеу бойынша қарқынды шеберлік сабақ­тарына қатысып, 3D модельдеу 3D басып шығару бойынша бастапқы дағдыларды игерді. Барлық қатысушыларға Maker­space шеберханасының құрыл­ғыларды әзірлеуге арналған материалдарын пайдалануға рұқсат берілді. Бұл жобаларды әзірлеу және іске асыру про­цесін едәуір жеделдетті. Хака­тонның екінші күні қатысу­шылар өз жобаларын таныс­тырып, жасаған жұмыстарын ұсынды. Ең үздік үш команда 1800 АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын өзара бөлісіп алды. Бұл соманы жеңімпаздар жобаларын жақсартуға пайда­ланатын болады.

«Қазақстанда батыл әрі шығармашыл шешімдерді іске асыру бойынша өткізілетін әр түрлі шаралардың саны артып келеді. «HackEd» хакатонында жастарға білім беру процесіне деген көзқарастарымен бөлісу ұсынылды. Балалардың қалай және нені үйренуін көбіне ере­сектер шешеді. Сондықтан жастардың пікірін тыңдап, олармен бірігіп, жаңа тәсіл­дерді табу біз үшін қызықты болды», – дейді АҚШ елші­лігінің мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі атташе Энн Перелли.

– Қазіргі таңда балалар ата-аналары оқыған тәсілмен оқығылары келмейді. Сол үшін бізге білім беру процесіне инте­рактив және смарт техно­логия енгізу қажет, – деді хака­тон жеңімпазы, Mars тобының мүшесі Еркін Мырзабеков.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *