Шетелдік компаниялар мен бизнес-қоғамдастықтардың құқықтарын қорғайды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара іс-қимылды реттеу және инвестициялық қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен Достық даңғылы №202 «Форум» БО ғимаратында орналасқан «Қазақинвест» АҚ базасында «Protecting Business and Investments» кеңсесі ашылды.
«Protecting Business and Investments» бағдарламасының мақсаты қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады, бұл мемлекеттік басқару жүйесінің және жалпы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды фактор болып табылады.
Сонымен қатар, «Protecting Business and Investments» жобасының қызметкерлері «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз бірлесіп жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін жүйелі мәселелер қаралды. Кәсіпкерлердің барлық сұрақтары «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесінің бақылауына алынады.
«Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі инвесторлар мен кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністерінен 100% қорғауға кепілдік береді. Департамент шетелдік компаниялардың, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғауға дайын екендігі туралы хабарлайды.

И.ХАН

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *