Шаһар басшысы тротуарларды қалпына келтіруді тапсырды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жұмыс бабымен  қаланың бірқатар көшелерін аралап шықты. Шаһар басшысы  көшелерді аралау барысында  Қалдаяқов көшесінің шығыс жағына қарай, Әйтеке би  мен  Гоголь  көше­лерінің аралығында орналасқан ғимараттар иелері заңсыз  иемденіп, көлік тұрағына айналдырған    жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруді тапсырды.

Қала басшысының тұжырымынша, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған. «Тиісті басқарма қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көше­лері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға шара қолдансын. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаруы керек», — деді  Бауыржан Байбек.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында  Гоголь көшесі бойымен Ш.Қалдаяқов көшесінен Орталық мәде­ниет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, жүргіншілер қозғалысын қиындататын заңсыз құрылыстардың барлығы алынады. Осы орайда бір айта кетерлік жайт, бұған дейін  Ш.Қал­дая­қов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігі  жөндеуден өткізілген болатын. Жалпы, биылғы жаз айларында  Алматыда 150-ден астам көше, 30 шақырым тротуар мен 600 аула қайта жаңғыртылады. Жерасты өтпелі жолдарының барлығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа  субұрқақтар  салу жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда, бұрынырақта  қайта жасалған Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, К.Байсейітова, М.Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан басқа  қаламыздың  бірқатар негізгі даңғылдары жаңаратын болады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close